Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Рухани келісім күні.

Рухани келісім күні.

21 Қазан 2016

18 қазанда Жастармен жұмыс жөніндегі бөлімі «INSIGHT» дебат клубымен бірге «Рухани келісім күніне» арналған университететіміздің дебат турнирін ұйымдастырды.

Турнирдің тақырыбы: «Конфессияаралық келісім және толеранттылық».  Қазақстан Республикасы – көпұлтты  және көпконфессионалдық мемлекет, территорясында көптеген онжылдап,  әртүрлі діни конфессиялардың өкілдері бейбітшілік және достықта өмір сүреді.

Діни сұрақтар бойынша келіспеушіліктің соғыстың туындауына әкеліп соғатындығы көпке әйгілі шындық. Қоғамда өркендеу және тұрақтылық  конфессоаралық келісім мен толеранттылыққа тәуелді.

Қызу пікірталас барысында дебат турнирінің қатысушылары барлық қоғамда тұрақтылықтың кепілі діни келісім деген  жалпы тұжырымға келді.

Турнирдің қорытындысы бойынша құзырлы әділ-қазылар орындарды келесідей үлестірді:

1 орын – Расульметов  Анвар (2-042 ЖМ) және Алтаева Жанель (2-032 ЖМ)

2 орын – Болат Айткен (1-012 ЖМ) және Жомарт Рысжан (1-001 ҚДС)

3 орын – Имаш Айдар (2-033 ЖМ) және Сарсенова Аселхан (2-035 ЖМ)

  Дебат турнирінің қорытындысы бір команданың жеңісімен ғана аяқталған жоқ, сонымен қатар барлық қатысушылар және көрермендер мемлекеттің гүлденуі және тұрақтылық үшін конфессияаралық келісімнің маңыздылығын түсінді.

  И.В. Фисенко

«INSIGHT» тікірталас клубының жетекшісі


0
6800

пікірлер

пікір қалдыру үшін.