Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Колоректальді хирургиядағы лапароскопиялық реконструктивті-қайта қалпына келтіретін операциялар»мастер-класс

«Колоректальді хирургиядағы лапароскопиялық реконструктивті-қайта қалпына келтіретін операциялар»мастер-класс

21 Қазан 2016

ҚММУ №1 хирургиялық аурулар кафедрасы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25-жылдығының қарсаңында Теміртау қаласының орталық ауруханасының клиникалық базасында 2016 жылдың  қазан айының 13-14 күндері  «Колоректальді хирургиядағы  лапароскопиялық  реконструктивті-қайта қалпына келтіретін операциялар» бойынша мастер-класс бағдарламасын ұйымдастырды.

Іс – шараның саяси маңыздылығын ескере отырып лектор есебінде арнайы И.М. Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу Мемелекеттік Медицина Университетінің эндоскопиялық хирургия және колопроктология кафедра меңгерушісі медицина ғылымдарының докторы, профессор Царьков Петр Владимирович шақырылды. Отыз жылдық жұмыс тәжірибесі бар, колоректальді технологияның Евроазиялық Қауымдастығының Вице-президенті, әлемнің үздік ондығына кіретін өз ісінің маманы, 17ден аса жаға өнертабыстардың авторы.

Білім, ғылым және клиникалық медицинаның үштік біріктіру бағдарламасын жүзеге асыруда Қарағанды облысының Облыстық денсаулық сақтау басқармасы және  Қарағанды облысының Хирургиялық Қауымдастығы да қатысты.

Лапароскопиялық жоғары технологияларды пайдалана отырып ерекше қиындық дәрежесіндегі реконструктивті – қайта қалпына келтіретін операциялар орындалды. Хирургиялық араласулардың тікелей көрсетілімі жүргізілді, бұл өз кезегінде тыңдаушыларға оперцияның жүру жолын бір мезетте «оқыту хирургиясы» принципі бойынша көруге мүмкіндік туғызды.

Профессор П.В. Царьковпен «Тоқ ішекке лапароскопиялық араласулардың техникалық ерекшеліктері» және «Көлденең ішектің  ісіктеріне радикальді араласулардың негізгі принцптері» тақырыбында лекциялар оқытылыды. Мүшелердің жүйкеленуі мен қанмен қамтамасыз етілуінің ерекшеліктерінің хирургиялық анатомиясы жайлы алынған білімді бекітуге мүмкүндік туындатады. Дәріс тыңдаушыларға айтылған материалдар  өздерінің әлсіз жақтарын анықтап, сол бойынша еңбектенуге өте тиімді болды.

Тыңдаушылардың қатарында біздің ЖОО  резиденттері, магистранттары және  докторанттары, интерндері мен студенттері және де  Қарағанды мен Теміртау қаласының көптеген  хирургтары болды.

Осылайша өткізілген мастер-класс хирургия бойынша оқыту бағдарламасын жетілдіріп, алынған білім біздің ЖОО студентері,  интерн – хирургтары  және резиденттарге оқу процесінде және болашақ тәжерибелерінде жақсы маман атануға өте үлкен үлес қосты. 


0
6750

пікірлер

пікір қалдыру үшін.