Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Республикалық оқыту семинары «Акушерліктегі сынамалы жағдайлар»

Республикалық оқыту семинары «Акушерліктегі сынамалы жағдайлар»

20 Қазан 2016

2016 жылдың 19 қазанында Қарағанды мемлекеттік медицина университеті жанында «Акушерліктегі сынамалы жағдайлар» Республикалық оқыту семинары өтті .

Оқыту семинарына Қарағанды және Қостанай облысының акушер-гинеколог дәрігерлері, анестезиолог-реаниматолог дәрігерлері қатысты.

Ана және бала өліміне жол бермеу жөнінде штабтар жүргізген нәтиже бойынша бұл облыстар үшін акушерлік қан кету, шоктар, ми қан айналымдарының жіті бұзылулары кезіндегі жедел жәрдем көмек көрсету, жүктілердің,жас босанған және жаңа босанған әйелдердің зертханалық талдаулар нәтижелерін түсіндіру мәселелері өзекті болып табылды.

Семинар барысында  Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің  профессорлік- оқытушылар құрамынан келесі мәселелер бойынша  баяндама (презентациялар) ұсынылды: «Акушерлік қан кету кезіндегі тактика», акушерлік және гинекология кафедрасынын меңгерушісі ,жоғарғы санатты акушер-гинеколог дәрігер, «Акушерлік және  гинекология» мамандығы бойынша тәуелсіз сарапшы  И. Л. Копобаева; «Акушерліктегі геморрагиялық шок (клиникалық жағдайларды талдау)», «Вирустық-бактериялық инфекция кезіндегі акушерліктегі инфекциялы-токсикалық шок, Реаниматология курсының доценті, м.ғ.к., жоғарғы санатты  анестезиолог-реаниматолог дәрігер, «Анестезиология-реаниматология» мамандығы бойынша тәуелсіз сарапшы Б.Т.Айсанов; «Акушерлік қан кету кезіндегі ірі тамырға хирургиялық гемостаз», Жалпы хирургия және травматология кафедрасының доценті, м.ғ.к., жоғарғы санатты хирург-дәрігер Т.К.Игимбаев; «Жүкті әйелдерде қан кетуді тоқтату кезіндегі бұзылулардың зертханалық диагностикасы», Медициналық реабилитология кафедрасының доценті , б.ғ.к. Ш.Е.Диканбаева; «Жүкті, жас босанған және жаңа босанған әйелдердің ми қан айналымдарының жіті бұзылулары», Неврология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор, жоғарғы санатты невропатолог дәрігер, «Неврология» мамандығы бойынша тәуелсіз сарапшы М.Г.Абдрахманова; «Жүкті әйелдердегі пневмония», №3 ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., профессор, жоғарғы санатты терапевт дәрігер, «Гематология» мамандығы бойынша тәуелсіз сарапшы Л. Г. Тургунова.

Семинарға қатысушылар өзекті мәселелерді талқылауға белсенді түрде қатысты.


0
7089

пікірлер

пікір қалдыру үшін.