Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚММУ-ға алғашқы қадам басу

ҚММУ-ға алғашқы қадам басу

19 Қазан 2016

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде 14- қазан күні бірінші курс студенттерінің «Студенттер қатарына қабылдау» дәстүрлі мерекесі өтті. Бұл әрбір студент өміріндегі ұмытылмас сәт.

Ал осы жылы бірінші курс студенттерінің бұл мерекесі ерекше маңызды, өйткені Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жылдық мерейтойына сәйкес келіп отыр. Студенттер қатарына қабылдау рәсімі академиялық ортада өтті: білім кілті, сынақ кітапшасын салтанатты тапсыру рәсімі, проректор Молотов-Лучанский Вилен Борисовичтің, факультеттер декандары Доскожин Дулат Мукажановичтің, Приз Владимир Николаевичтің , біздің университетіміздің оқытушы-профессорлар құрамы Сраубаев Ермек Нигметовитің, Маретбаева Марина Абильжановнаның, Темиргалиев Кудайберген Абаевичтің, Бурмистрова Валерия Алексеевнаның студенттерге арналған тілектері, студенттердің нышанды Антты айтуы, студенттердің  «Гаудеамус» гимнін орындауы.

Мерекелік іс-шараны студентер  үш тілде мемлекеттік, орс және ағылшын тілінде жүргізді. Білім  құдайы нышанының алауын тапсыру салтанаты театрлық қойылым ретінде көрсетілді.

Студенттер мен, оқытушылар өткен іс-шарадан өте жылы және қуанышты сезіммен қайтты. Бұл  жаңа ересек өмірге жақсы бастама екенін атап кету керек.

Профилактикалық медицина,

биология және фармация факультетінің

ақпараттық секторы.


0
8930

пікірлер

пікір қалдыру үшін.