Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қарт адамдар құрметке лайық.

Қарт адамдар құрметке лайық.

18 Қазан 2016

1 қазан, Қарттар күні, ескі дәстүр бойынша психология негіздері және коммуникативтік дағдылар кафедрасы «Психология негіздері және коммуникативтік дағдылар», «Клиникалық психология негіздері»пәндері бойынша дайындалатын 1 және 3 курс студенттерімен бірге, №1 қалалық аурухананың филиалы-клиникалық базасында науқастарын құттықтауды шешті. Стационардың терапиялық бөлімінде- қарт адамдар, сонымен қатар мейірбикелік көмек бөлімінде науқастар жатады.

Оқытушылар және студенттер палатаға келіп «мереке кейіпкерлерін» құттықтап, жаңа  ұрпаққа берілген ақылдарын және мемлекетке тигізген еңбектерімен бөлісіп алғыстарын айтты. Ақсақалдарға тосын сый ретінде пайдалы жеміс-мандариндер таратылды.Студенттер қарт адамдармен қызыға сөйлесіп, болашақ кәсіптеріне қажетті мәдени құндылықтарын және құрметтерін көрсетті.

  «Жалпы медицина» мамандығының 1-027 және3-033 топ студенттері осы үлкен шараға жауапкершілікпен қарады. Сонымен қатар студенттер осы шараға қарт адамдарға музыкалық орындау, адамдарға деген қарым-қатынас тақырыбында көрсетілім, қарт адамдарға хормен өлең және палатада оларға қамқорлық көрсетті. Қарт науқастың біреуі көзіне жас алып студенттерге батасын берді және де олардың ата-аналарына балаларына жақсы тәлім-тәрбие бергені үшін алғысын айтты.

Психология негіздері және коммуникативтік дағдылар кафедрасы жалпы медицина және стоматология факультетінің деканы К.К. Толеубековқа шараға қатысқан студенттерді және олардың ата-анасын алғыс хаттармен марапаттау туралы баяндау хат жазды.


0
6313

пікірлер

пікір қалдыру үшін.