Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Универсиада -2017 еріктілері үшін семинар.

Универсиада -2017 еріктілері үшін семинар.

13 Қазан 2016

10 қазанда Қарағанды облысы бойынша «Қазақстан студенттерінің  Альянсы» жастар қозғалысы «Универсиада -2017 жергілікті еріктілер арасында тренингтерді еңгізу техникасы оқыту бойынша Универсиада еріктілері үшін Курстық семинар-тренингін» өткізуді ұйымдастырды. Іс-шара «Технопарк Сары-Арқа» ЖШС қабырғасында өтті. Іс-шараға Қарағанды қаласының ЖОО белсенділері қатысты. Қарағанды мемлекеттік медицина университетінен ҚСА жергілікті комитетінің қатысушылары семинарға қатысты: ҚММУ ҚСА жетекшісі - Нурумбетова Фариза,  ҚММУ ҚСА вице-лидері –  Алпысбаева Айнұр,  ҚММУ ҚСА мүшесі – Медина Кенжетай және СР «Самұрық» Президенті - Саматов Темірлан.  Тренингтің мақсаты - студенттерді Универсиада-2017 спортты бағдарламасымен, қатысушыларға қызмет көрсетумен, сонымен қатар еріктілерді қызметтік бағыттаумен таныстыру.

Универсиада - 2017 ге тарихта алғаш рет халықаралық еріктілер үшін  100 квота бөлініп отыр. Семинардың қатысушылары Универсиада -2017 ге арналған жобаның теориялық бөлігімен ғана танысып қана қоймай, шағын-көрмеге де қатысты.

Универсиада 2017 дайындық бойынша таныстырылым - кіріспесін «Қарағанды облысы студенттерінің Альянсы» директорының міндетін атқарушы Е.Д. Макашев таныстырып өтті, онда еріктілердің қызметтік бағыттары ғана емес, сонымен қатар Универсиаданың құрылу тарихы және Студенттік спорттық  Халықаралық Федерациясын (FISU) құрғандар туралы да айтылды.

АбдуллаеваРада

ҚММУ ҚСА хатшысы                           


0
6809

пікірлер

пікір қалдыру үшін.