Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
КТК форматын өзгертті

КТК форматын өзгертті

12 Қазан 2016

Қыркүйектің 12-нен 17 –сіаралығында «Бейбітшілікжәнекелісімсарайында» жаңа республикалық әзілкештер жобасының ойындары, еліміздің үздік КТК-ның ойыншылары қатысқан «Көңілді тапқырдар алаңы» болып өтті.

  Осы жобаның негізін қалаушы және жетекшісі, әйгілі әзілқойшы Тұрсынбек Қабататов. Сонымен қатар ол әділ қазылардың төрешісі. Онымен қатар көңілділер және тапқырарды ҚР еңбек қайраткері Айгүл Иманбаева, әйгілі әнші Мерамбек Беспаев және ҚР еңбек сіңірген қайтаркері Айбек Сейітов (әнші Бүркіт) болды.

  Алдағы КТК форматынан айырмашылығы жаңа жобада командалар ойыннан шығып кетпейді, барлық командалар ойынның соңына дейін ойнайды. Әр ойынның қорытындысы бойынша әділ қазылар ұнаған командаларға алтын, күміс және қола кубонтерін табыстайтын болады. 10 ойыннан кейін көп кубок жинаған команда Қазақтанның чемпионы атанады.

  Бірінші ойында 13 команда: "Ертіс" Семей, «Қызылорда құрамасы», «Астана», «Қазақстан қалалары құрамасы», Арал қаласы "Аралас", «Қостанай», «Тараз – 2000», «Орыстар», Атырау "Батыс топ", Шымкент "Ю-жандарым", «Қазақстан ауылдары» және сонымен қатар ойынның қорытындысы бойынша 4 кубокке ие болып 5 орынға тұрақтаған Қарағанды мемлекеттік медицина университетінен «Күлкі терапиясы» командасы қатысты.

 «Күлкі терапиясы» командасы ҚММУ ректоры, профессор Р.С. Досмағамбетоваға, сонымен қатар Жатармен жұмыс жөніндегі бөліміне турнирге қатысуға мүмкіндік ұсынғаны үшін алғыстарын білдіреді.

  Алиұлы Сұлтан

 «Күлкі терапиясы» КТК командасының жетекшісі


0
6988

пікірлер

пікір қалдыру үшін.