Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жалпыкомандалық сынақтағы жеңіс.

Жалпыкомандалық сынақтағы жеңіс.

12 Қазан 2016

5 қарашада Серік Сәпиев атындағы спорт кешенінде IV «Асық ату» және «Арқан тартыс» ойындары бойынша Облыстық турнир болып өтті.

Турнирдің басты мақсаты –қазақтардың ежелден келе жатқан, ғасырлар бойы нақты өнегелі салмақты ұстап тұрған, жастардағы патриоттылық сезімдерін дамытатын, мінездерін шынықтыратын, жалпы алғанда салауатты өмір салтын насихаттайтын, ойынның дәстүрін, спорт түрлерін, ұлттық ойындарды насихаттау.

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің атынан турнир секцияларына қатысушылар - «Асық ату» (жаттықтырушы Ф.А.Батиров) және «Атлетикалық гимнастика» (жаттықтырушысы Е.А.Ким): Мамедов Вусал (6-013 ЖМ), Жакупов Салимжан (4-067 ЖМ), Ташенов Мажит (4-070 ЖМ), Капаров Дархан (4-071 ЖМ), Косьянов Сергей (6-011 ЖМ), Жунайтов Әділет (2-042 ЖМ), Куватбаев Еркебұлан (3-043 ЖМ), Кали Бағдат (3-020 жМ) және Айтбаев Бақберген (3-022 ЖМ).

  Қатысушылардың ауқымды географиясына қарамастан турнирге облыстың барлық ауданынан 13 команда қатысты, біздің команда жалпыкомандалық есепте I орынға ие болды: ҚММУ құрамасы «Асық ату» бойынша Қарқаралы ауданының спортшылармен қола жүлдені бөлісті, ал «Арқан тартыс» бойынша құрама командасы қарсыластарына мүмкіндік бермей жеңімпаз атанды. 

Ұлттық ойындардың жандануы өсіп келе жатқан ұрпаққа ата-баба қалдырған мәдениетке және дәстүрді білуге, философия және халықтың ділін түсінуге септігін тигізеді. Қазақстанда қазір ұлттық спорт ойындарының дамып келе жатқандығы ҚММУ Спорт клубын қуантады, студенттеріміз тек көрермен болып қана қоймай, жарыстарда белсене қатысады.

  ҚММУ Спорт клубы.


0
7182

пікірлер

пікір қалдыру үшін.