Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қарттаркүнімен!

Қарттаркүнімен!

12 Қазан 2016

Қазанның алғашқы күндерінде Халықаралық қарттар күнін атап өту жақсы дәстүрге айналды. Қарттар күні – бұл біздің қымбатты адамдарымыздың, яғни  ата-анамыздың, әжелеріміз бен аталарымыздың ерекше ықыласқа бөленетін жарқын мерекесі.

 23 қыркүйекте №1 ЖДТ кафедрасының ассистенті Г.А.Ковалеваның  жетекшілігімен 5-083, 7-074 топтарының студенттері қарт адамдарға және мүмкіндігі шектеулі жандарға медициналық тексеру ұйымдастырды. Біздің медикстуденттер тексеру жүргізді, науқастармен сұхбаттасты, қарттар үйінде қамқорлыққа алынған адамдардың артериялық қысымын, алынған мәліметтерді тіркей отырып, тамыр соғысының жиілігін өлшеді.

 26 қыркүйекте қарттар күні мерекесінің қарсаңында №1 ЖДТ кафедрасының ассистенті Г.А.Ковалеваның  жетекшілігімен  ҚММУ студенттері Қарағанды қаласының №1 қарттар мен мүгедектер үйіне қайырымдылық  кеш  ұйымдастырды:

 5-083 - (Д.Баранкулова, К.Бейімбетова, Ә.Әбділ, М.Муратбекова, Т.Сағымбаев, Е.Селиванов, А.Синицын, А.Уфимцева, М.Шайхинова, Н.Ясная); 7-074-(Э.Бөгөмбай, К.Каниос, К.Лыткина, С.Малашенко, А.Ташкин,  Д. Яушов).

Қарт адамдардың өмірі толыққанды болмайтынын, осы ерекше санаттағы азаматтардың үнемі сырт көмекті, сондай-ақ, медициналық көмекті қажет ететінін назарға алып, 5-083 тобының студенті  А. Уфимцева «Артериялық гипертония, қауіп факторлары және оларды түзету» тақырыбына сұхбат өткізді. Сұхбаттасу кезінде ол аурудың себептері мен клиникалық  ерекшеліктерін толық түсіндірді, өмір салты бойынша кеңестер берді.

7-074 тобының интерні А. Ташкин қарттар үйінің тұрғындарымен бірге өте көңілді және пайдалы физикалық жаттығу жасады.

Мерекелік кешті домбыра оркестрінің қатысушылары, 5-074 тобының студенті Д.Жабагенов және 5-084 тобының студенті  М.Искаков ашты. 7-042 тобының интерн Д.Тайрахунов өзі шығарған «Қарттар үйі» шығармасын оқыды, бұл шығарма отырған көрермендердің жүрегінен ерекше орын алды. 7-065 тобындағы К.Ибраеваның орындауындағы көркем гимнастика биі қарт адамдардың жүздеріне бақыт және жылы күлкі ұялатты, ал 6-085 тобындағы Н.Бірліктің орындауындағы «Асыл ана» әні отырғандардың көңіл-күйіл бір көтеріп, бір мұңайтты. 5-083 тобындағы  Д. Баранкулов пен М. Муратбековтың орындауындағы көңілді «Хуторянка» әнін көрермендер жылы қабылдады және бимен қолпаштады.

Біздің кешіміздің бағдарламасы 5-083 тобындағы Ә.Әбілдің орындауындағы ұлттық биден, 7-074 тобындағы  Д. Яушованың орындауындағы өзбектің әсерлі биінен  құр қалған жоқ.

Соңында барлығы «Мы желаем счастья вам» әнін орындады.

Қарт адамдар осындай тамаша мерекеге риза болды, себебі, біздің әжелеріміз бен аталарымыз үшін оларға деген сыйластықтан, қамқорлықтан және мейірімділіктен басқа ештеңе қажет емес.

№1 ЖДТ кафедрасының ассистенті  Г.А.Ковалева 


0
6604

пікірлер

пікір қалдыру үшін.