Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Құқыққорғау органдары өкілдерімен кездесу

Құқыққорғау органдары өкілдерімен кездесу

07 Қазан 2016

28 қыркүйекте университеттің акт залында құқық қорғау органдары окілдерімен ҚММУ студенттерінің кезекті кездесуі болып өтті. Кездесуге оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор В.Б. Молотов-Лучанский,Қарағанды облысы ІІД ЖПҚ басшысының орынбасары полковник Н.А. Рахимбеков, Орталық ПБ ЖПҚБ басшысы майор Д.С. Абильдин, Қарағанды қ. ІІБ аға инспекторы майор Ж.С. Шутенова, Орталық ПБ ЖПҚБ учаскелік инспекторы аға лейтенант Д.  Ғабитұлы және ректор көмекшісі А.Д.Карасартов қатысты.

Кездесуде келесі сұрақтар қарастырылды:

1.  Жергілікті полиция қызметінің жұмысы және құқық бұзушылықтың алдын-алу.

2.  Әкімшілік және қылмыстық жаза қолдану.

3.  ҚР жемқорлыққа қарсы заңнамасын түсіндіру.

4.  Құқықтық тәртіпті бұзуды болдырмау бойынша Ерікті халық жасағының (ЕХЖ) профилактикалық жұмыстары.

Қарағанды облысы ІІД ЖПҚ басшысының орынбасары, полковник Н.А. Рахимбеков жиналғандарды ішкі істер органының жұмысымен таныстырды. «Жергілікті полиция қызметінің» жұмысы туралы, студенттердің араласуымен болған құқық бұзушылықтар туралы әңгімеледі. Сонымен қатар, 01.01.2015ж. бастап күшіне енген ҚР ҚК және ҚР ӘҚКо өзгерістер туралы айтты. Өкінішке орай, жастар арасында құқық бұзушылық басты позициялардың бірі болып тұрғандығын айтып өтті.

Қарағанды қ. Орталық ПБ ЖПҚБ басшысы майор Д.С. Абильдин ҚР заңнамасындағы негізгі өзгерістер туралы айтып берді. Әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік шараларын түсіндірді, бұл ҚР ӘҚКо 440-бабы «Қоғамдық орындарда ішімдік ішу және мас күйде болу», ҚР ӘҚКо 437-бабы «Түнгі және кешкі уақыттарда тыныштықты сақтау (түнгі 11-ден таңғы 06.00-ге дейін)» және ҚР ӘҚКо 434-бабы «Ұсақ бұзақылық» қарастырылған.

  Кездесу барысында ҚММУ студенттері қызықтырған сұрақтарын қойды және толық жауап алды.

   Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім


0
7194

пікірлер

пікір қалдыру үшін.