Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚММУ республикалық жооаралық бірнеше тілділік олимпиадасы

ҚММУ республикалық жооаралық бірнеше тілділік олимпиадасы

04 Қазан 2016

2015-2020 жылдары аралығында үштілді білім берудің Жол картасы бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қарағанды мемлекеттік  медициналық университеті шет тілдер кафедрасының ұйымдастырумен 2016 жылы қыркүйек айының 23 жұлдызында жоғары оқу орындары  арасында Республикалық көптілділік олимпиадасы өтті. Қазақстан Респуликасының 13 жоғары оқу орнынан (әрбір жоғары оқу орнынан 3 қатысушы) тілдік емес факультетінің  үш тілді меңгерген (қазақ, орыс, ағылшын)1-2 курс студенттері қатысты.

Көптілділік олимпиада 3 кезеңнен тұрды:

I кезең- тестілеу үш тілде берілген сұрақтардан тұрды. Тест тапсырмалары Қазақстан Республикасының елтану және тілін оқып жатқан елдер тақырыптары негізінде п.ғ.д.., профессор В.С. Аванесов әдісі бойынша құрастырылды.

II кезең –өзге тілде сөйлеуді тыңдай білу дағдысын бағалау және оны мемлекеттік тілге аудару. Олимпиада қатысушылары, ағылшын тілінде бейне роликті көрген соң, орыс тілінде құрастырылған сұрақтарға мемлекеттік тілде жабаша түрде жауап беру керек болды.

III кезең (жеке, орыс тілін білуге) жасырылған сөзжұмбақ, ребустарға қатысушылардың  жазбаша жауаптарынан тұрды

IV кезең – топ жетекшілерінің сайысы. Жетекшілердің тапсырмасы сөйлемдерді қазақ, орыс жіне ағылшын тілдеріне аударумен байланысты болды. Топ жетекшілерінің сайысы кезінде, топ қатысушылары жазбаша тапрсырма орындады- үш тілде мақал-мәтелдердің баламаларын табу.

IV тур –Берілген тақырып бойынша тосыннан сөйлеу. Топ қатысушылары белгілі бір тақырып бойынша 1 минут ішінде сөйлеп өз пікірлерін  ағылшын тілінде шеберліктерін көрсету болды.

Республикалық жоғары оқу орындары арасында көптілділік олимпиадасының нәтижесі:

I орын – Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

IIорын – Қазтұтынудағы Қарағанды экономикалық университеті

IIIорын –Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

IV орын – «Тұран-Астана» университеті

V орын –Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы  

Номинация бойынша жеңімпаздар :

“Ең үздік аудармашы” - Қазтұтынудағы Қарағанды экономикалық университеті

Ең креативті топ” - «Тұран-Астана» университеті

“Ең білімді топ” - Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы 

 “Жеңіске жігерленген ерік”

1. Қазақ ұлттық өнер университеті

2. С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті

3. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

4. Инновациялық  еуразия университеті

“Көптілді құзіреттілік үшін ”:

1. Мемлекеттік индустриалды университеті

2. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы

3. АҚ «Астана Медицина университеті»

4. Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті

Барлық жеңімпаздар мадақтама, алғысхат және сыйлықтармен марапатталды. Балаларға онан әрі шығармашылық табыс тілеп, жеңістерімен құттықтаймыз!


0
7315

пікірлер

пікір қалдыру үшін.