Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Гистология пәні бойынша ғылыми студенттік үйірменің отырысы

Гистология пәні бойынша ғылыми студенттік үйірменің отырысы

03 Қазан 2016

14 қыркүйек күні гистология кафедрасында Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің түлегі,кафедраның ғылыми үйірмесінің бұрынғы қатысушысы  Гернер Иоганн Фридиолиновичтің қатысуымен ғылыми студенттік үйірменің отырысы өтті.Үйірме отырысын кафедра доценті С.К. Джумабаева бастап университетте қалыптасып , 1951 жылдан бері осы уақытқа дейін жұмыс жасап келе жатқан гистология үйірмесінің жұмысы туралы баяндап берді. Гистология үйірмесінде өз уақытында профессорлар Г.У. Жанайдарова, М.М. Түсіпбекова, және жоғары білікті дәрігер- патанатом В.Л. Савченко тағы басқалар ізденістер жүргізіп, жұмыс жасады.

Үйірме жетекшісі, профессор Г.У.Жанайдарова  студенттерге И.Ф. Гернерді таныстырып, оның институт қабырғасындағы өмірі  және институттан кейінгі жұмыстары жайлы айтып берді.Студенттер И.Ф. Гернердің 2- курс оқып жүргенде гистология үйірмесіне келгенін білді.Оқытушы Р.В. Суварованың қол астында миелинді талшықтардың қайта келу мәселелерімен айналысты. Ғылыми студенттік конференцияларда неміс тілінде баяндамаларын жасады.Кейіннен хирургия үйірмесіне ауысты. Университетті үздік бітіріп, 5 жыл Молодежный  ауданында, сонан кейін Қарағандыда «Неке және Отбасы» кеңес беру мекемесінде қызмет атқарған. 1987 жылы Германияға мекен ауыстырып, өз мамандығы бойынша білімін дәлелдеп, 1988 жылы Ингольштадт  перзентханасында дәрігер болып жұмысқа орналасты. Оның  Қарағанды мемлекеттік институтында  алған білімінің сапалығының арқасында ол жоғары мансаптық жолға қолы жетті. 1990 жылы  жұмыс істеп жүрген емхананың бөлім басқарушысы болып, 1993 жылы емдеу ісі бойынша бас дәрігерінің орынбасары болып тағайындалды, ал 1995 жылы өзінің жеке әйелдер кеңес беру мекемесін ашты. Бір өзі бастап, бұл күнде  қарамағында тағыда  6 дәрігер жұмыс атқаруда. 2001 жылы докторлық диссертациясын қорғады.Үздік дәрігерлік және ғылыми жұмысын қоғам жұмысымен де  бірге алып жүре білді. 2002 жылдан 2014 жылға дейін 12 жыл Ингольштадт қаласы кеңесінің депутаты болып жұмыс жасады.

Үйірме отырысының соңында И.Ф. Гернер студенттердің көптеген сұрақтарына жауап берді.»Бізгеқандай тілек айтар едіңіз?» деген сұраққа, Иоганн Фридолинович «Оқыңыздар. Осы кезде оқып білмегенді кейін оқимыз деп ойламаңыздар, оған кейін уақыт болмай қалады. Сіздерге сәттілік тілеймін» деп жауап берді.

И.Ф. Гернер ҚММУ мұражайында және практикалық дағдылар орталығында болды. Орталықты аралап болған соң ол «Менің қызымда дәрігер, Германияда білім алды және 2 семестрін Ирландияда оқыды, бірақ ол жақта дәл осылай жабдықталған деп естіген жоқпын. Немерелерімді осында оқуға жіберемін»- деді.  

м.ғ.д., профессор Г.У. Жанайдарова


0
7138

пікірлер

пікір қалдыру үшін.