Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Теологпен кездесу

Теологпен кездесу

30 Қыркүйек 2016

Жастардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде студенттердің үнемі дін басыларының өкілдерімен, дінтанушылармен, дін істері жөніндегі Бсқарма өкілдерімен кездесулер өткізіледі. 

20 қыркүйек күні акт залында жиналған деканаттар және жастармен жұмыс жөніндегі бөлім қызметкерлері, оқытушылар, студенттер алдында «Нұрлы білім» қоғамдық ұйымының теологы А.К.Абдрашев сөз сөйледі.

Кездесу басында жастармен жұмыс жөніндегі бөлім басшысы А.А.Унгарбаева жас ұрпаққа төзімділік сана-сезімін және қандай болсын деструктивті діни идеологияны қабылдамауды қалыптастырудың маңыздылығын атап өтіп, Айдос Калижановичке сөз берді.  

Айдос Абдрашев аудиторияны ислам дінінің және дәстүрлі емес діни ағымдардың даму тарихымен және негізгі принциптерімен, олардың заманауи қоғамдағы рөлімен таныстырды. Тындаушылардың танымдық белсенділігін, талдау ептілігін, ақпаратты салыстыруға, қорытындылар шығаруды дамытуға тырысты. Аудиторияның назарына жауынгерлік істерге қатысу үшін шетелдерге барған қазақстандықтар туралы бейнефильм, оқуға болмайтын кітаптардың суреттері, тындауға болмайтын исламшылардың фотосуреттері бар таныстырылымдар көрсетілді.

Одан кейін студенттерді қызықтыратын сұрақтарды қойды, А.К. Абдрашев оларға жауап берді.

Кездесу аяғында ректор көмекшісі А.Д.Карасартов студенттерге тыс қалмай күдікті адамдар, заттар туралы айтуларын сұрады. Барлық студенттерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады, спортпен айналысуға шақырды және оқуда сәттілік тіледі.

Біздің университетте діни деструктивті идеологияның алдында иммунитетті және заңдарға, зайырлы мемлекеттің дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына құрметті қатынасты қалыптастыру бойынша жұмыс жалғастырылады. 

Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім


0
7350

пікірлер

пікір қалдыру үшін.