Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚММУ жеңіл атлеттерінің салтанатты жеңісі

ҚММУ жеңіл атлеттерінің салтанатты жеңісі

29 Қыркүйек 2016

24 қыркүйекте, қалалық саябақта «Алтын күз» дәстүрлі жеңіл атлетикалық кросс болып өтті, ЖОО командалары арасында, колледж, мектеп сонымен қатар өндірістік және ұйымдастырушылық ұжымдар да болды.

Жарысты Қарағанды қ. мәдениет және спорт бөлімі ұйымдастырды.

Жарыстың басты мақсаты – жеңіл атлетиканы дәріптеу.

Жеңіл атлетика бойынша ҚММУ құрамында келесілер қатысты: Оралбекова Жазира (2-015 ЖМ), Койшибаева Айнұр (4-100 ЖМ), Ребрина Оксана (3-069 ЖМ), Нұржанова Салтанат (2-020 ЖМ), Рахимберлина Салтанат (2-082 ЖМ) және Жантлесова Тоғжан (2-021 ЖМ) - қыздар;

  Рогозин Вячеслав (6-074 ЖМ), Нургазиев Бексұлтан (2-002 ЖМ), Венгеловский Владимир (2-009 Стом), Мухтар Анарбек (2-003 ЖМ), Никулин Юрий (1-002 ҚДС) және Сухарев Вадим (2-003 ОМ) – жасөспірімдер командасы.

  Жеңіске қызығарлықтай еркіндікпен  және өте жақсы дайындықпен,  500 метрлік қашықтықта күштерін салып біздің қыздар бірінші орын алды және жарыстың сөзсіз жеңімпазы атанды. ҚММУ жасөспірімдері де қалыспай 1 000 метрлік қашықтықта құрметті екінші орынға ие болды.

«Алтын» команданың  барлық қатысушылары естелік төс белгілермен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

ҚММУ спорт клубы

     


0
7001

пікірлер

пікір қалдыру үшін.