Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті

«Жол ашар»

28 Қыркүйек 2016

Қыркүйектің 10 күні Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің бірінші курс студенттеріне арналған дәстүрлі, спорттық–танымдық «Жол ашар» викторинасы өтті. Викторинаға Жалпы медицина және стоматология және Профилактикалық медицина, биология және фармация факультеттерінен 8 адамнан құралған 10 топ қатысты.

Барлық топтар дәстүр бойынша бағыттаушының станцияларынан өтуі тиіс болды, атап айтқанда, біздің университеттің корпустары мен жатақханаларына толық құрамда келіп, сұрақтарға дұрыс жауап беру арқылы «Жұлдызшалардың» максималдық санын жинау керек.

Биылғы жылы бірінші курс студенттерінің университетпен ғана емес, қаламен де танысу мақсатында жаңа ережелер енгізілді, бағыттаушыда қаланың көрікті жерлерінен құралған қосымша екі станция болды.

Сондай-ақ, екінші тур енгізілді, онда топтар «Сәт сапар» атты күн» тақырыбына эссе жазулары керек болды.

Викторина қорытындысы бойынша топтар келесі орындарға орналасты:

1.  Максимум (Профилактикалық медицина, биология және фармация)

2.  Пингвины КГМУ (Жалпы медицина және стоматология)

3.  Қыран (Жалпы медицина және стоматология)

Сонымен қатар, топтар келесі номинацияларда марапатталды:

1.  Үздік капитан – Адреналин  (Жалпы медицина және стоматология)

2.  Ең креативті команда – Жалын (Профилактикалық медицина, биология және фармация)

3.  Үздік эссе – Спарта (Жалпы медицина және стоматология)

4.  Ең ұйымшыл команда – Дружба (Профилактикалық медицина, биология және фармация)

5.  Ең тапқыр команда – ОМ-78 (Жалпы медицина және стоматология)

6.  Ең мұқият команда – Оптимисты (Жалпы медицина және стоматология)

7.  Үздік ұран – Айболит (Жалпы медицина және стоматология)

Жатақханалардың СӨӨБК осы іс-шараны ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін алғысымызды білдіреміз, ал топтарға келешекке сеніммен қарауға және өздерінің дамуын тоқтатпауын тілейміз. Жоғарғы мақсаттарға жетуге және өзін-өзі жетілдіру бағытында жұмыс жасауымызға тілектеспіз.

Ж.М. Қуаныш Профилактикалық медицина,

биология және фармация

 факультетінің СӨӨБК төрайымы.

Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім

0
7081

пікірлер

пікір қалдыру үшін.