Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Тілім менің – тірлігімнің тірегі

Тілім менің – тірлігімнің тірегі

26 Қыркүйек 2016

22 қыркүйек - Қазақстан халықтарының Тілдер күні. Қазақ тілі кафедрасында 2016-2017 оқу жылы осы аталған айтулы мерекені ауқымды тойлаумен басталды. Кафедра оқытушысы А.Ж.Аханованың жетекшілігіндегі «Қыран» клубының мүшелері және университетіміздің барша студенттерінің атсалысуымен «Тілім менің – тірлігімнің тірегі» атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шара мақсаты - тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру. Осы мақсатта шәкірттер ән айтты, би биледі, қойылым қойды, ойын ойнады. Топтар арасындағы жарыс та өте тартысты өтті. Студенттер мақал-мәтел, жұмбақ айтып жарысып, салт-дәстүр жайлы білімдерін ортаға салды. Жеңіске жеткен топты кафедра оқытушылары марапаттады.

Қазақ тілі кафедрасы Қазақстан халықтарының Тілдер күні мерекесімен баршаңызды құттықтай отыра, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, еңбекте табыс тілейді.


0
6483

пікірлер

пікір қалдыру үшін.