Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жаңа буынның медицинасы

Жаңа буынның медицинасы

15 Қыркүйек 2016

Біз  4 курс «Жалпы медицина» мамандығының студенттері 2016 жыл 31 мамыр мен  4 шілде аралығында Новосібір қаласында «емдеуші дәрігердің көмекшісі» ретінде кәсіби практиканы өткіздік. Баға жетпес тәжірибе мен жаңа білім алдық, халықаралық маңызы бар конференцияларға қатыстық. Ең ірі форумдардың бірі "Биомедицина – 2016" 26 маусым мен 1 шілде арасында Новосібір қ. өтті. Осы форумда 22 Ресей қалалары мен  6 шетел мемлекеттерінің ғылыми қызметкерлері қатысты. Олар жаңа жасушалық технологиялар мен гендік инженерияны кардиологияда, нейрохирургияда, онкологияда және басқа да тәжірибелік медицина салаларында қолданудың мүмкіндіктерін бірлесіп талқылады.Ерекше назар, бағаналы жасуша зерттеуіне аударылды.

«Биомедицина - 2016» форумында біз өзіміздің ғылыми зерттеумізді «Предотвращение ототоксической потери слуха, при назначении антибиотиков из группы аминогликозидов,путем ингибирования гистоннойдеацетилазы» постер турінде хабарладық. Осы жұмыстың авторлары: Е.С.Донковцева, Е.И. Лялина мен Э.Р.Ташметов. Қатысушылар мен форумның қонақтарын біздің жұмысымыздың тақырыбы қызықтырып қалды. Бізге көптеген сұрақтар қойды және осы саладағы өз білімдері мен жүргізілген зерттеулермен бөлісті.

Біз практика кезінде әртүрлі конференцияларға қатысып көптеген жаңа білім алдық.

Біз басқа елде «емдеуші дәрігердің көмекшісі» түрінде кәсіби практика өтуіне мүмкіндік берген үшін университетіке алғысымызды білдіргіміз келеді.

«Жалпы медицина» мамандығының 4 курс студентері

Лялина Екатерина мен ТашметовЭльярбек


0
7126

пікірлер

пікір қалдыру үшін.