Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Спорт апталығы

Спорт апталығы

14 Қыркүйек 2016

Қыркүйектің екінші апталығы ҚММУда өте мазмұнды оқиғамен басталды. Спорт клубы Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім және дене тәрбиесі курсымен медициналық реабилитология кафедрасы ЖОО «Спорт апталығы» атауымен науқан сериясын ұйымдастырып өткізді.

  Спорттық апталық дүйсенбі күні Ерубаев 32 ашық алаңында басталды. Дене тәрбиесі курсымен медициналық реабилитология кафедрасының оқытушыларының жетекшілігімен жүздеген студенттер жаппай таза ауада  «Спорт мерекесі» науқанын өткізді. Науқанның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру белсенділігін және өз денсаулығына жауап беруді насихаттау.

  Сейсенбі күні «Самұрық» СР белсенділері бас ғимараттың ішкі ауласында «ҚММУ студенттері салауатты өмір салтын қолдайды!» атауымен флеш-моб өткізді. Көркем жастар флеш-мобы қатысушылардың барлығын қызықтырды. Көңілді, музыканың ырғағымен студенттік республиканың президенті Темірлан Саматовтың бастамасымен барлығын жаман әдеттерден арылу және салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

  Сәрсенбіде, бас ғимарттың алдындағы алаңда көп адам жиналды. Бес жүзден астам «Денсаулық фестивалінің» қатысушылары спорт формасында, сап түзеп университеттің алаңын толтырды. ҚММУ спорт клубының басшысы Ф.А.Батиров барлық қатысушыларды жаңа оқу жылымен құттықтады, салауатты өмір салтын дағдыға айналдыруды және спортпен міндетті түрде айналысуға тілек білдірді. Отыз минут аралығында, жарты мыңдай жасөспірімдер мен қыздар, дене тәрбиесі курсымен медициналық реабилитология кафедрасының  аға оқытушысы Р.Б.Тимершиннің көмегімен әсерлі музыкада дене шынықтыру жаттығуларын жасады. Кездейсоқ өтіп бара жатқандар жастардың жаттығуларды үйлесімді жасағандарын тамашалауға жақынырақ келді. Науқанның соңында студенттер тосыннан дискокеш ұйымдастырып тарағылары келмеді.

  «Спорттық апталық» бейсенбіде, жалпы университет ішілік «Дене шынықтыру үзлісімен» аяқталды. Үлкен үзіліс кезінде ҚММУ оқытушылары мен студенттері дене тәрбиесі курсымен медициналық реабилитология кафедрасының университет қызметкерлеріне арнап ұсынылып ұйымдастырылған  жаттығулар жиынтығын музыканың ырғағымен орындады.

  Төрт күн бойы «Спортқа апталық» мыңға тола ҚММУ қызметкерлері және студенттері «Ұлттың денсаулығы – Қазақстанның жандануы!» тұжырымдамасын жүзеге асыруға өздерінің қолдарынан келгенше атсалысты. 

 

  ҚММУ спортклубы.


0
7196

пікірлер

пікір қалдыру үшін.