Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Summer Meeting 2016» қатысу (Дублин, Ирландия)

«Summer Meeting 2016» қатысу (Дублин, Ирландия)

13 Қыркүйек 2016

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің докторанттары Матюшко Дмитрий Николаевич пен Бадыров Руслан Муратович 2016 жылдың 26 шілде мен 2 тамыз аралығында Дублин қаласындағы Ирландия Хирургия Корольдық колледжінде «Critical Surgical Abdomen Consensus Conference» атты халықаралық Конгресіне қатысты. Конгресті ұйымдастырушы – Әлемдік Жедел Хирургия Қауымдастығы.

Бұл Конгресс барысында әр мемлекеттің ғалымдары мен дәрігерлері  хирургиядағы интраабдоминалды инфекцияның маңызды тараулары жан-жақты талқылап, жіті іш қуысынкешенді емдеуде «open abdomen» техникасын қолданып, сонымен қатар алдыңғы іш қабырғасының ақауларын реконструкциялаудың әртүрлі тәсілдерін қарастырды.

Конгрестің бағдарламасы аясында докторанттар «Extracellular bovine-derived peritoneum matrix: the new biological graft for abdominal wall reconstruction» (Р.М. Бадыров, ғылыми жетекшісі проф. Н.Т.Абатов), «Influence of intra-abdominal hypertension on marker-presepsin sCD14» (Д.Н.Матюшко, ғылыми жетекшісіпроф. Е.М.Тургунов) тақырыптарында баяндап шықты, бұл олардың диссертациялық жұмысының негізгі тақырыбы болып табылады. Баяндаманың тезистері Конгрес материалдарының жинағында жарияланған.


0
7183

пікірлер

пікір қалдыру үшін.