Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Стратегиялық даму бойынша алғашқы тәжірибе

Стратегиялық даму бойынша алғашқы тәжірибе

23 Тамыз 2016

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Қазақстандық медициналық жоғарғы оқу орындары мен шетелдік медициналық мектептердің стратегиялық әріптестігі» жобасын жүзеге асыру шеңберінде 2016 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің стратегиялық әріптесі ретінде Лунд университеті (Швеция) болып анықталды.

Лунд университеті Еуропадағы көне университеттердің бірі болып табылады (1666 жылы құрылған). Университетте 50-ден астам білім беру бағдарламалары бойынша, шамамен, 41,000 студент оқиды. Білім беру сапасы бойынша Лунд университеті халықаралық жоғары оқу орындары арасында рейтинг бойынша жетекші орынға ие. Осылайша, 2015 жылы QS рейтингіне сәйкес Лунд университеті 70 орынға ие болды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің вице-министрі Е.А. Біртанов, ҚММУ ғылыми жұмыс бойынша проректоры А.А.Турмухамбетова,  ұйымдастыру-экономикалық жұмыстар жөнінде ҚММУ проректоры З.З Бектұрғанов қатысқан Қазақстан Республикасы делегациясының 2016 жылғы 1 сәуір күнгі ресми сапары барысында Лунд университетінің вице-канцлерімен кездесуі өтіп, кездесу барысында Қарағанды мемлекеттік медицина университеті мен Лунд Университетінің Таяу Шығыс зерттеулері орталығы арасында ынтымақтастық туралы меморандум бекітілді.

Бекітілген меморандум университеттер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін себеп болды.

2016 жылғы 18 және 31 шілде аралығында Қарағанды мемлекеттік медицина университетіне  Стратегиялық әріптестік туралы жобаны жүзеге асыру үшін Лунд университетінен сапаршылар келді: Хуго Браджиони мырза (экономика ғылымдарының магистрі, статистикалық есепке алу бағдарламалары бойынша авторлық әзірлеуші) және профессор Ронни Брэндсон (су ресурстары бөлімінің профессоры). Сапардың басты мақсаты- университеттің стратегиялық әріптестік жоспарын жузеге асыру және университеттің қызметкерлері және студенттерімен сарапшылардың кездесу тілегі.

Бірінші күні мамандар университеттің   ғылыми-зерттеу орталығымен, консультативтік-диагностикалық орталық және стоматологиялық клиникамен және материалдық -техникалық базасымен (оқу кабинеттері мен университеттің клиникалық базалары, практикалық дағдылар орталығы) танысты. Келесі күндері мамандар университет қызметі туралы аналитикалық есеп беру үшін ақпарат, сандық және сапалық деректерді жинау бойынша жұмыс істеуге кірісті.

Сапар қорытындысы бойынша  университет жұмысын бағалау бойынша бірқатар шаралар жүргізілді, атап айтқанда, бөлімшелердің басшылары үшін сауалнама әзірленді, университеттің ішкі құржаттары қаралды  (басқару құрылымы, бұйрықтар, лауазымдық нұсқаулықтар, бөлімдер мен депортаменттер туралы ережелер), білім беру және ғылыми қызметінің нәтижелері қаралды, университеттің әкімшілік-басқару қызметкерлерінің, университеттің профессорлық-оқытушылар құрамының, магистратура және докторантурада білім алушылардың сұхбаты жүргізілді. 

Сондай-ақ, таңдалған  биомедицина, биология, Қоғамдық денсаулық сақтау бағыттары бойынша Сплит - PhD бағдарламасын іске асырудың негізгі мәселелері талқыланды. 

"Қоғамдық Денсаулық сақтау" білім беру бағдарламасы мысалында білім беру қызметін сарапшылық бағалау, техникалық тапсырмасының екінші блогы бойыншаЛунд профессоры Стефан Линдгренмен онлайн кездесу болып өтті. Ақпарат және құжаттарды жинаудың дайындық кезеңінде, сондай-ақ, ҚММУ –не сапар барысында сарапшының жұмыс жоспары келісілді. Қазіргі уақытта жұмыстар онлайн режимінде жүргізіледі.  


0
8162

пікірлер

пікір қалдыру үшін.