Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Гистология және анатомия бойынша пәнаралық олимпиада.

Гистология және анатомия бойынша пәнаралық олимпиада.

27 Маусым 2016

Жалпы медицина және стомотология факультетінің гистология кафедрасында гистология және анатомия пәндері бойынша пәнаралық олимпиада өткізілді. Студенттердің олимпиадалары болашақ мамандардың шығармашылық қабілеттерін арттыратын, ғылыми зерттеуге деген ынталарын дамытатын, ұйымдастырушылық-педагогикалық қызметін жандандырып, студенттердің арасында ғылыми білімді насихаттауды оқудың алғашқы қадамдарынан бастап-ақ жүргізудің бірден-бір құралы болып саналады. Студентік олимпиада гистология және анатомия бойынша болашақ мамандардың теориялық және тәжірибелік дайындық деңгейін тексеруге мүмкіндік береді. Студенттік олимпиада ғылыми зерттеу, әкімшілік және ұйымдастырушылық-педагогикалық қызмет, аспиранттық және магистратуралық дайындау барысында шығармашылық тұрғыда ойларын жеткізе алатын жастарды анықтап, іріктеуге көмектеседі. Олимпиаданың берген шығармашылық тәжірибесін оқу процесін жаңғыртуды жалғастыру және университетішілік олимпиада қозғалысын дамытуға қолдануға болады.   Олимпиаданың мақсаты дарынды студенттерге қолдау көрсетумен қатар, теориялық шешімге қабілетті және теориялық-тәжірибелік есептерді өз бетінше шеше алатын, шығармашылық және ғылыми жұмыстарды іске асыратын студенттерді анықтау болды.

Жалпы медицина және стомотология  факультеті бойынша 2 курстан 110 студент олимпиадаға қатысты. Олимпиада бағдарламасы 3 кезеңнен құралды. 1-ші кезеңі іріктеу тесттілерінен тұрды. Олимпиадаға қатысқан әрбір студентке 30 тесттік сұрақтар беріліп, әрбір тесттік сұрақтарға бір дұрыс жауап таңдау ұсынылды. Бір сұраққа жауап беру үшін – 60 секунд берілсе, жалпы тесттің ұзақтығы – 30 минут уақытты алды. Олимпиаданың бұл теориялық бөлімін анатомия және жалпы гистология пәндерінің бөлімдері құрады. Тесттің қорытындысы бойынша тесттік сұрақтардың жауап баллдары көрсетілген студенттердің тізімі құрылды, оның ішіндегі 24 студент тесттік сұрақтардан жоғары көрсеткіш көрсетіп, осы кезеңнен өтті. Бұл студенттер олимпиаданың екінші және үшінші кезеңдеріне жолдама алды.

Олимпиадалық жарыстың негізгі бөлігі 2 және 3 кезеңнен тұрды. Олимпиаданың 2 кезеңінің тәжірибелік бөлімінің мақсаты студенттердің микроскоппен жұмыс жасай алу біліктілігі мен дағдыларын,  гистологиялық препараттарды сипаттауы бағаланды. Студенттерге 5 микропрепарат берілді, студент 5 минут ішінде сол препараттардағы тіндерді, оның бояуларын ажыратып, микросуреттер және кестелер бойынша 8 тапсырманы 16 минут ішінде анықтады. Олимпиаданың 3 кезеңінде студент гистология және анатомия пәндері бойынша 9 параклиникалық жағдайлық есептерді 18 минут ішінде шешті. Студент әрбір дұрыс анықталған микропрепарат үшін 3 баллдық бағамен, әрбір дұрыс анықталған микросуреттер мен кестелер тапсырмасына 5 баллдық бағамен бағаланып, шешімі бар жағдайлық есептер үшін 5 баллмен бағаланды. Олимпиаданың 2 және 3 кезеңінде максимальды баллдық көрсеткіш 100 баллды құрады. Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері олимпиаданың 2 және 3 кезеңдеріне  қатысқандардың жеке жиынтықты көрсеткіші бойынша анықталды. Жинаған баллдар көрсеткіші бойынша жүлдегерлер анықталып, олар дипломдармен, мақтау қағаздарымен мараппатталды.  1 дәрежелі дипломмен 2-067 топ студенті Д.В. Арещенков, 2 дәрежелі дипломмен 2-054 тобының студенті А.Ю. Хроль, 2-057 тобының студенті П.В. Меренцов, 3 дәрежелі дипломмен 2-082 тобының студенті С.А. Рахимберлина, 2-057 тобының студенті Ф.З. Сайдазимова, 2-082 тобының студенті А.К. Кабжанов, сонымен қатар финалға жеткен 18 студент мақтау қағазымен мараппатталды.  

Олимпиаданы ұйымдастыру гистология кафедрасының профессоры Г.У. Жанайдарованың жетекшілігімен жүзеге асты. Олимпиаданың өтілуіне белсенді атсалысқандар анатомия кафедрасының аға оқытушысы Р.Т. Карибжанова, гистология кафедрасының оқытушысы Б.Х. Берикбаева, гистология кафедрасының доценті С.К. Джумабаеваларды ерекше атауға болады. Олимпиадаға дайындық кезінде және оны жүргізуге көмектескен студенттерге ерекше ықыласпен алғысымызды айтамыз: олар Т. Коробейников (3087 ЖМФ), А. Хусаинова (3078 ЖМФ) және Д. Кыстаубаева (3078 ЖМФ).

Г.У. Жанайдарова, гистология кафедрасының профессоры.


0
7922

пікірлер

пікір қалдыру үшін.