Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ХХI ғасыр педагогы

ХХI ғасыр педагогы

23 Маусым 2016

2016 жылдың 9-10 маусымында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік институтының базасында «ХХІ ғасыр педагогы» атты жоғары оқу орындарының жас оқытушыларының республикалық конкурсы өтті. Конкурс жоғары кәсіби рейтингі бар шығармашылық қызмет ететін педагогтерді анықтауға, сонымен қатар алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе мен педагогикалық беделді арттыруға арналған.

Конкурсқа сәйкес біліктілігі, 3 жылдан кем емес ғылыми-педагогикалық қызметіндегі өтілі бар оқытушылар қатысты.

Келесі сипаттамалар ескерілді: талапкердің кәсіби қызмет тұжырымдамасын ұсына алуы, өзінің педагогикалық тәжірибесін жалпыландыру; кәсіби қызметінде алдыңғы қатарлы, дәстүрлі және инновациялық тәжірибені, әдістемелік шеберлігін ұштастыра алу тиімділігі, шығармашылыққа, импровизация, жеке шығармашылық ізденіске мүмкіндігі; қарым-қатынас мәдениетінің деңгейі; ұйымдастыру қабылетінің деңгейі.

Конкурс үш кезеңнен тұрды. Конкурстық комиссия құрамына жоо басшылары, педагогикалық ғылым докторлары мен кандидаттары, білім беру жүйесінің педагогикалық және басқарушылық қызметтегі қызметкерлері (мектеп директорлары; жоғары мемлекеттік марапаттары бар оқытушылар) кірді.

Конкурстық комиссия шешімімен «ХХІ ғасыр педагогы» жоғары оқу орындарының жас оқытушыларының республикалық конкурсында Гран-при иегері медицина ғылымдарының кандидаты, №3 ішкі аурулар кафедрасының доценті Игимбаева Гаухар Тлеубекқызы атанды. 


0
7955

пікірлер

пікір қалдыру үшін.