Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жедел медициналық көмек бойынша пәнаралық сабақ

Жедел медициналық көмек бойынша пәнаралық сабақ

20 Маусым 2016

ҚММУ Практикалық дағдылар орталығында Жалпы медицина және стоматология факультетінің 5- курс студенттерінің 5-061, 5-062, 5-080, 5-083 топтарының қатысуымен «Инфекциялық – улағыш шокпен  асқынған тұмауға шалдыққан  жүкті әйелге шұғыл  көрсету» тақырыбында пәнаралық сабақтар өткізілді. 

 Сабақты өткізуге 3 кафедраның профессорлық оқытушылық құрамы тартылды: ҚММУ №2 ЖжКМК, №2 ЖДТ  кафедралары және акушерия және гинекология кафедрасы.

Сабақтың мақсаты: студенттерді инфекциялық – улағыш шок кезінде шұғыл көмек көрсетуге, экстрагениталды патологиясы бар жүкті әйелдерге шұғыл көмек көрсету ерекшеліктеріне (ИУШ асқынған тымауда), диагностикаға және шұғыл терапияға дифференциалды тұрғыдан қарауға үйрету.

Студенттерге талдау үшін  келесідей клиникалық жағдай ұсынылды :

стандартталған пациенттерді тарта отырып, экстрагениталды патологиясы бар жүкті әйелдерге шұғыл көмек  көрсету (инфекциялық -  улағыш шокпен  асқынған тұмау) 

Сабақ 3 кезеңде өтті:

1. ОДА- да акушер-гинекологтың қабылдауы (коммуникативті дағдылар, УДЗ-диагностикасымен гинеколог-дәрігердің қарауы, жүктіліктің мерзімін белгілеу, құжаттарды толтыру);

2. ОДА-да жалпы дәрігерлік тәжірибе дәрігерінің қабылдауы  (коммуникативті дағдылар, отбасылық дәрігердің қарауы, тексеру, диагностика, емдеу, құжаттарды толтыру, жүргізу тактикасы);

3. жедел медициналық жәрдем бригадасын үйге шақыру (командадағы жұмыс, коммуникативті дағдылар, қарау, жедел медициналық көмек көрсету,  жүргізу тактикасы).

Барлық студенттер рөлді ойындар өткізу үшін топтарға бөлінді (гинеколог-дәрігерлер, жалпы тәжірибе дәрігерлері, жедел жәрдем бригадасы, бақылаушылар, стандартталған пациент)

Сабақ аяқталғаннан соң практикалық дағдыларды қолдану кезінде жіберген қателермен жұмыс  дебрифингі (қорытынды) өтті. Студенттер ұсыныстарымен және тілектерімен кері байланыс сауалнамаларын толтырды. 

Сабақтар практикалық емдік жұмысқа студенттерді ынталандыра отырып, достық атмосферада ТВL түрінде өткізілді.  Профессорлық-оқытушылық құрамның шебер қойылған сұрақтарының арқасында студенттер талқылауға ынта білдіріп, таңдаған тақырыпқа қызығушылық танытты.

Командада алынған тәжірибе, балалық дәрігерлердің көзіндегі қуаныш бізге осындай пәнаралық сабақтарды тағы да өткізу қажеттілігін көрсетеді.

№2ЖжКМК кафедрасының ұжымы


0
7689

пікірлер

пікір қалдыру үшін.