Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ғылымдағы алғашқы қадамдар

Ғылымдағы алғашқы қадамдар

20 Маусым 2016

Біз «Мейірбике ісі» мамандығының студенттері болып табыламыз. Жақсы білім алып қана қоймай, біз мейірбике ісі курсында ғылыми үйірмеге қатысамыз. Бұл қызықты, әрі танымдық үйірме, сонымен қатар, шет елдерде және Қазақстанның басқа медициналық жоғары оқу орындарында өтетін әр түрлі конференциялар, симпозиумдар, басқа жоғары оқу орындары арасында біліммен алмасу мүмкіндігі болып табылады.  

Осы жылы біз  Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясының мейірбике ісі кафедрасы оқытушылары және студенттерімен онлайн семинарға қатыстық, «Ғылым әлемі және жастар:дамудың жаңа жолдары» атты жас ғалымдар мен студенттердің халықаралық конференциясында баяндама оқыдық, сонымен қатар Астана қаласында өткен жас ғалымдар және студенттер арасындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып үздік баяндамалар үшін мақтау қағаздары мен сертификатқа ие болдық.

Сонымен қатар, біз ҚММУ-ды Курск  мемлекеттік университетінің 81 жылдығына арналған, «Жастар ғылымы және Қазіргі заман», атты жас ғалымдар мен студенттердің қатысуымен халықаралық Курск қаласында өткен 81ші Бүкілресейлік  ғылыми конференцияда көрсете білдік.  

    Конференция қатысушылары Қытай, Беларусь, Украина, Өзбекстанның жоғары оқу орындарынан келген жас ғалымдар мен студенттерден құралды. Қазақстан атынан Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің «Мейірбике ісі» мамандығының IV курс студенттері  Айтпаева Анелия мен Суровцева Анна қатысты.

Анна Суровцева «Діни аспектілердің науқастың психоэмоционалды жағдайына әсер етуі» атты өзінің ғылыми жұмысын  «Патология жағдайында физиологиялық функцияларды жүйелі ұйымдастыру заңдылықтары» секциясында қорғап, үздік баға алды, сонымен қатар, Патологиялық физиология кафедрасының меңгерушісі профессор, м.ғ.д.,  И.И. Бобынцевтен жақсы пікір алды.

Айтпаева Анелия өзінің «Кәсіби спортпен шұғылданатын көру қабілеті нашар мүгедек балалардың ерік-жігерінсіз дамуына талдау жасау» атты жұмысын «Спорттық, экстремальді медицина және медициналық реабилитация мәселелері» секциясында ұсынды.

Жұмыс барысында Қарағанды қаласының облыстық нашар көретін балалар интернатындағы балалардың спорттық және психологиялық даму ерекшеліктері қамтылған бұл жұмыс  симпозиумның ғылыми жетекшілерімен студенттер тарапынан үлкен қызығушылық тудырды.

Екі ғылыми баяндама өз секцияларында жақсы деп танылып, I дәрежедегі дипломмен марапатталды.

Осы ғылыми конференцияға дайындалу үшін қажырлы еңбектенуге тура келді. Ғылымға деген жанашырлығы мол, оқытушымыз Седач Ника Николаевна біздің ғылыми жетекшіміз болды. Біз Ника Николаевнаға бізге сенгені үшін және де көмегі үшін үлкен алғысымызды айтамыз.

Сонымен қатар, біздің университеттің ректоры, профессор Досмағамбетова Раушан Сұлтанқызына бізге осындай дәрежедегі ғылыми конференцияға қатысуға және өзге елден келген болашақ әріптестерімізбен жақын танысып, жаңа ортаға бейімделуге мүмкіндік бергені үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.

Анелия Айтпаева, Анна Суровцева

4 курс студенттері


0
7679

пікірлер

пікір қалдыру үшін.