Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Қаракөз» шығыс билері халықтық ансамблінің есептік концерті

«Қаракөз» шығыс билері халықтық ансамблінің есептік концерті

14 Маусым 2016

«Қаракөз» шығыс билері халықтық ансамблінің есептік концерті

«Қаракөз» ансамблі бізді қайтадан қуантты.

  ҚММУ акт залында «Қаракөз» шығыс билері халықтық ансамблінің есептік концерті болып өтті.

Ансаблдің құрамы 60 (алпыс) астам адамнан тұрады. Бұл студенттер, болашақ дәрігерлер, үлгілі оқумен қатар өздерін халық биімен байланыстырғандар. «Қаракөздің» репертуарында  бүгінгі таңда 40-тан  астан қойылымдар бар. Әр би жанның жылулығына, қатысушының адалдығына толы.

  Биыл шығармашыл комиссияның бір ауыздық шешімімен аттестация қорытындысымен шығыс билер ансамбль ұжымы «Халықтық» атағын қорғады.

Концертті оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор Вилен Борисович Молотов-Лучанский құттықтау сөзімен ашты.

  Вилен Борисович «Қаракөз» қатысушыларының ата-аналарына алғыс хаттар, естелік альбомдарын және ансамбль мүшелеріне куәлікті табыстады.

Проректордың қолынан алғыс хаттарды ансамбльдің бітірушілер алды: Сейтмуратова Карина, Естаева Қымбат, Садулова Самал, Қазбек Айдана, Каимова Мереке және жетекшісі - Қосыбаева Меруерт Ержанқызы.

Осыдан кейін концерт басталды. Көрермендерге келесі қойылымдар ұсынылды: «Махаббат сыры» биі, «БИЕ КИО» татар биі, танго (Искендер Нұрғали және Байгожина Айдана), қанатшалармен шығыс биі, «Гиждалла» тәжік биі,  «Лезгинка» кавказ биі, әр түрлі жанрлардан құралған би (Молдахметова Жұлдыз, Кабдулина Динара, Байгожина Айдана, Искендер Нұрғали, Ғани Еркебұлан және Дінмұхаммедұлы Мирас), Майкла Джексонның биі (Құрманбаева Жанар), «Русская Плясовая»,  «Құстар биі».

  Ұжым өздерінің соңғы билерін жарқыраған биімен аяқтады.

  Жетекшілері – Қосыбаева Меруерт Ержанқызы ансамблдің қатысушыларын «Халықтық» жоғарғы атағымен құттықтады, ЖОО әкімшілігіне, баспаханаға, жастармен жұмыс жөніндегі бөліміне, қоғаммен байланыс қызметіне, концертті ұйымдастыруға белсене қатысқандардың барлығына алғысын білдірді.

Ансамблдің мүшелері алғашқы жетекшісі- Индира Жанұзаққызына гүл шоғын табыстады.

Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім.


0
8422

пікірлер

пікір қалдыру үшін.