Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Оңтүстік Корея дәрігерлерінің келуі

Оңтүстік Корея дәрігерлерінің келуі

09 Маусым 2016

2016 жылдың мамыр айында біздің қаламызға Оңтүстік Кореяның Дэгу қаласынан мэрия және дәрігерлерінің делегаттары келді. Келуі таныстыру сипатына ие болды және оңтүстік кореялық дәрігерлердің Қарағанды облысының пациенттерін ақысыз консультативтік-диагностикалық қабылдау бойынша гуманитарлық науқаны өткізілетін медициналық ұйымдар анықталуы тиіс еді.

Келу барысында облыс Әкімдігінің келісімі бойынша қабылдаудың негізгі орны ҚММУ Медициналық Орталығының Емханасы мен Стоматологиялық клиникасы болып таңдалды. Осындай шешімге келесілер негіз болды:

·  Қала ортасындағы ыңғайлы орналасуы;

·  Профессор-оқытушылар құрамынан, университет резиденттері, магистранттары, докторанттардың қатарынан аудармашылар мен кеңесшілердің болуы;

·  Дәрігерлік кабинеттердің санының жеткілікті болуы;

·  Әлемдік брендтердің заманауи диагностикалық жабдықтары: 4 УДЗ аппарат (Корея, Голландия), Рентген-аппарат Сименс (Германия) стоматологиялық қондырғылар (Бразилия, Словакия),  сандық цефалостаты бар PlanmecaProMax 3DClassicтомографы (Германия), дентальды аппарат Dexis, ЛОР-комбайн Отопронт (Германия), офтальмологиялық кешен Карл Цейс (Германия), клиникалық зертхана, электрокардиограф,  ЭЭграф, ЭКГ және АҚ тәуліктік мониторингтеу аппараты, (BTL) Ұлыбритания

Ағымдағы жылдың 6 маусымынан бастап 8 маусымына дейін ҚММУ Медициналық орталығының емханасында гуманитарлық негізде Оңтүстік Кореядан келген дәрігерлердің Қарағанды облысының тұрғындарын қабылдау жүргізілді. Осы күндері терапевт-мамандармен, педиатрлар, неврологтар, нейрохирург, гинеколог, радиологтармен  958 пациенттер қаралды, одан әрі емдеп тексерілу және емдеу бойынша ұсыныстар жасалды.

ҚММУ Стоматологиялық клиникасында 100 артық пациенттерге кеңес берілді.

Тәжірибе алмасу аясында Оңтүстік Корея профессорлары офтальмология, нейрохирургия, радиология бойынша дәріс сабақтар оқыды, оған қарағандылық 50 дәрігер қатысты.

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті мен Кёнбук (KNUH)   госпиталінің арасында медициналық білім және ғылым саласындағы одан әрі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. 

0
8991

пікірлер

пікір қалдыру үшін.