Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Аллергология мен иммунологияның өзекті сұрақтары: жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарының патологиясы» мастер-класы

«Аллергология мен иммунологияның өзекті сұрақтары: жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарының патологиясы» мастер-класы

03 Маусым 2016

2016 жылдың 16-20 мамыры аралығында иммунология және аллергология кафедрасы кәсіби аурулар курсымен бірлесе, «Аллергология мен иммунологияның өзекті сұрақтары: жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарының патологиясы» тақырыбына мастер-класс өткізді. 

Мастер-кластың мақсаты: аллергология мен иммунология бойынша кәсіби білімді жетілдіру және бронх-өкпе жүйесінің аллергиялық ауруларының өзекті сұрақтарын талқылау.

Оқу барысында бронх-өкпе патологиялары кезінде иммундық жүйенің функционалдық жағдайының ерекшеліктері, аллергиялық аурулардың диагностикасы мен емдеу қағидалары, бронх демікпесі кезінде еңбекке жарамдылықтың сараптамасы мазмұндалды.

  Мастер-класқа аллерголог-дәрігерлер, терапевтер, пульмонологтар, ҚММУ және АМУ кафедраларының қызметкерлері, резиденттер қатысты. Тыңдаушыларға ҚР ДС ӘДМ штаттан тыс бас аллергологы, К және ІА ҒЗИ Республикалық ғылыми-практикалық аллергологиялық орталығының жетекшісі, м.ғ.д., доцент Таир Темырланович Нурпеисов «Бронх демікпесі кезінде аллерген-спецификалық иммунотерапия» дәрісін оқыды және «Спирография – өткізу техникасы, қателіктердің негізгі себептері» тақырыбы бойынша тәжірибелік сабақ жүргізді. Тыңдаушылардың тәжірибелік дағдыларды пысықтауға және Т.Т.Нурпеисовке сұрақтар қоюға мүмкіндігі болды.

  Оқыту барысында тыңдаушылар әр түрлі клиникалық жағдайларды, иммунограммаларды талқылады, ҚММУ ұжымдық қолдану зертханасының медициналық анализдер спекторымен танысты.

Мастер-класс сертификат беру мен және сауалнама жүргізумен аяқталды. Тыңдаушылар ұсынылған материалдың өзектілігін, қолжетімділігін, құрылымдылығын атап өтті және кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., доцент М.А. Газалиеваға мастер-класты ұйымдастырып, өткізгені үшін алғыстарын білдірді.  

Иммунология және аллергология кафедрасы


0
8552

пікірлер

пікір қалдыру үшін.