Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Біз иммундауды қолдаймыз

Біз иммундауды қолдаймыз

03 Маусым 2016

Иммундау миллиондаған өмірді құтқарады және әлемдегі ең табысты және экономикалық тиімді шаралардың бірі ретінде танылып келеді.

Дүниежүзілік иммундау аптасы аясында №1 ЖДТ кафедрасы ҚММУ бас корпусының алдында «Ескерту. Қорғау. Егу» ұранымен флешмоб ұйымдастырды.  Бұл іс-шараға кафедра мұғалімдері Ю.М. Таджиева және Г.А. Ковалеваның басшылығымен ҚММУ, 6-043, 6-044, 6-045, 6-046, 6-082, 5-012, 5-069 топтарынан 38 студент қатысты.

Бұл іс-шараның мақсаты - тұрғындарды иммундау мәселесіне тарту және барлық адамдарды аурулардан қорғау үшін екпені қолдануына жәрдемдесу.

Флешмобқа қатысушылар өздерінің футболкаларына «Біз иммундауды қолдаймыз» сөзін жабыстырды, осындай ерекше бейнелері арқылы жастар қонақтардың және Қарағанды қаласы тұрғындарының көңілін аудармақ болды, өйткені бүгінгі таңда көп ата-аналар өздерінің балаларының үлкен қауіпке ұшырататынын түсінбей,  егуден бас тартуда.

Иммундау жыл сайын 2-3 миллион өлім жағдайының алдын-алады; алайда, жаһандық егумен қамтуды жақсартқан кезде тағы да 1,5 миллион өлім жағдайының алдын-алуға болатын еді. Бағалау бойынша бүгінгі таңда 18,7 миллион емізулі балалар, яғни әлемдегі әрбір бесінші бала әлі де дифтерит, көкжөтел, сіреспе сияқты ауруларға қарсы иммундауды уақытылы алмайды. 2012 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы егуге қатысты Жаһандық іс-шаралар жоспарын – өмірге қажетті иммундаумен жалпыны бірдей қамтуды қамтамасыз ету бойынша міндеттеме мақұлдады.

Г.А. Ковалева №1 ЖДТ кафедрасының ассистенті

Ю.М. Таджиева №1 ЖДТ кафедрасының ассистенті


0
8324

пікірлер

пікір қалдыру үшін.