Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
"Жалпы медицина" мамандығы бойынша 7-курс түлектерінің Қарағанды облысыныңжұмыс берушілерімен кездесуі.

"Жалпы медицина" мамандығы бойынша 7-курс түлектерінің Қарағанды облысыныңжұмыс берушілерімен кездесуі.

02 Маусым 2016

31 мамыр күніҚММУ-де Қарағанды облысы жұмыс берушілерінің интернатура түлектерімен кездесуі өтті. Жиналысқа Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Приозерск,Саран, Сәтпаев, Теміртау, Шахтинск қалаларынан, сондай-ақ, Ұлытау, Қарқаралы, Ақтоғай, Абай, Бұқар жырау, Жаңаарқа аудандарынан,Қарағанды облысының медициналық ұйымдарынан 60-тан астам өкіл келді. Жиналыс клиникалық жұмыс және үздіксіз кәсіби дамытужөніндегі проректор Бақыт Нұрғалиқызы Көшерованыңқұттықтау сөзінен басталды. Бұдан әрі үздіксіз кәсіби дамыту факультеті деканының орынбасары Шилина Юлия Сергеевна жалғастырды, ол резидентураға түсуқағидаларымен және шарттарымен таныстырды, содан кейін  сөз алған жұмыс берушілер түлектердіөз медициналық ұйымдарының кадрлық қажеттілігімен, жұмыс шарттарымен,еңбек ақысының төлемімен, әлеуметтік пакетпенжәне ең маңызды аспекті - резидентурада тапшы мамандықтар бойынша оқу ақысымен таныстырды.

Теміртау қаласы перзентханасының директоры Сәуле Гайролловна Аманжолова акушер-гинеколог, неонатолог, анестезиолог, реаниматолог сындыбос лауазымдар туралы және әлеуметтік пакет,  қолда бар бос орындар бойынша резидентурада төлеу мүмкіндіктері туралы түлектерге хабарлады.
  Шет ауданы орталық аудандық аурухананың директоры Даут ЖарылгасынұлыНұртаев өз сөзінде резидентурада ақы төлеу мүмкіндігінатап өтті, окулист,рентгенолог, акушер-гинеколог мамандарының жетіспеушілігін,тиімділігін көтеру және аудан бюджетінен 200 мың теңге жәнемедициналық ұйымнан берілетін 148 мың теңге мөлшеріндегі әлеуметтік пакетке кіретін көтерме ақы туралы айтып өтті.
Кездесу соңында түлектер жұмыс берушілерге сұрақтар қойып, жұмыс жағдайларын толығырақ талқылады.

  Бос жұмыс орындары және резидентурада оқудытөлей алатын Қарағанды облысының медициналық ұйымдары туралынеғұрлым толық ақпаратты түлектер ҚММУ клиникалық жұмыс жәнетүлектерді жұмысқа орналастыру бөлімінен ала алады (Гоголь көшесі, 40, 101 және 205 каб.).

Клиникалық жұмыс жәнетүлектерді жұмысқа орналастыру бөлімі.


0
8493

пікірлер

пікір қалдыру үшін.