Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Бейбітшілік, Достық, Қазақстан!» - «Мир, Дружба, Казахстан!» - көркемөнер көрмесі

«Бейбітшілік, Достық, Қазақстан!» - «Мир, Дружба, Казахстан!» - көркемөнер көрмесі

02 Маусым 2016

«Отныне все мы должны быть как дети одного отца. Отныне у всех нас только одна Отчизна» (Н.Ә.Назарбаев) – ұранымен университетіміздің бас ғимаратының холында «Бейбітшілік, Достық, Қазақстан!» - «Мир, Дружба, Казахстан!» - көркемөнер көрмесі болып өтті.

Экспозицияға бейнелеу өнері үйірмесінің жетекшісі Конарбаева Багжанның жетекшілігімен әр түрлі техникада орындалған студенттердің жұмыстары кірді. Әр студент көрермендерге өздерінің шығармашылық жұмыстарын ұсынуға мүмкіндік алды, ал әр көрермен суретшілеріміздің туындыларынан жүректі жылуға бөлейтін, ерекше жақындықты сезінді.

  Әр жұмыста автордың өз таңбасы, терең патриотизмнің ноталары, Отанымыздың байлығы болып табылатын достықты бағалау маңыздылығы, төзімділік, бірлік үйлесімділігі көрініс тапты.

Суреттер атмосферасына енуге, экспозицияның барлық түстерін сезінуге көрмені әрлендіріп тұрған классикалық музыка септігін тигізді.

Көрмені құрметті қонақтар: оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор В.Б. Молотов-Лучанский, ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор А.А. Турмухамбетова, жалпы медицина және стоматология факультетінің, профилактикалық медицина, биология және фармация деканатының декандары және декан орынбасарлары, оқытушылар, біздің студенттер тамашалады.

Бейнелеу өнері үйірмесі 3 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Ұжым өздерін белсенді және шығармашыл жағынан көрсетуде. Университетімізде осындай талантты және дарынды студенттеріміздің бар екендігін сезіну қуантады.

Бейнелеу өнері үйірмесінің барлық қатысушылары университетіміздің әкімшілігіне, ҚММУ жастармен жұмыс жөніндегі бөліміне, үйірме жетекшісі Багжан Конарбаеваға   (2-044 ЖМ) көрмені ұйымдастыруға көмек көрсетіп, қолдау білдіргендері үшін шын жүректен алғыстарын білдіреді.

  Көрермендердің дауыс беруі бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

I  орын– Мукушева Айнұр (1-029 ЖМ)

IIорын– Кабдушева Мендігүл (2-069 ЖМ)

II  орын– Балкенова Самал (3-055 ЖМ)

III  орын– Кабжанов Әлихан (2-082 ЖМ)

III  орын– Ақжігітова Сабина (2-065 ЖМ)

III  орын– Ибрай Зарина (2-037 ЖМ)

  Көрмені ұйымдастыруға атсалысқан белсенді студенттер алғыс хаттармен марапатталды: Г.Алдияр (2-072 ЖМ), Ж. Жұмабай (2-032 ЖМ), Ф. Жұмагұлова (2-064 ЖМ), А. Искакова (3-053 ЖМ), М. Калданова (1-005 ЖМ), Ж. Омарбекова (2-084 ЖМ), Г. Хавилбег (3-017 М), А. Санайхан (1-013 ЖМ), Р. Гатина (3-055 ЖМ), М. Калданова (1-005 ЖМ), М. Мейрамбек (2-002 ЖМ).

Бейнелеу өнері үйірмесінің редакторы

А. Назарова (3-057 ЖМ)


0
8351

пікірлер

пікір қалдыру үшін.