Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ғылымға бағытталған оқыту (RBL) - студенттік конференция

Ғылымға бағытталған оқыту (RBL) - студенттік конференция

30 Мамыр 2016

«№1 жедел және кідіріссіз медициналық көмек» кафедрасында 20 мамыр күні, оқудың аяқталу кезінде ғылыми зерттеу әдістемесіне арналған алғашқы студенттік конференциясы өткізілді.

«Жалпы медицина» мамандығының 5-курс студенттері өздерінің ғылыми жобаларын, эссе жазу,  E-постер құрастыруды көрсетті.  

Студенттер бірлесе отырып ғылыми жұмыстар, ғылыми жұмыстарды зерттеу кезіндегі күткен және нәтиже қорытындыларын бір-бірімен бөлісті. 

Азизова Диляфруз, Бурковская Елена (5-099 топ студенттері),  Ким Маргарита (5-103 топ студенті) студенттердің баяндамалары аталып өтті. Зерттеу жобалары ғылыми студенттік үйірме аясында кафедра менгерушісі доцент А.Р. Алпысованың жетекшілігімен құрастырылған. Студенттердің ғылыми жұмыстары студенттік конференцияларда Қарағанды және Алматы қалаларында жазбаша және Е- постер баяндама түрінде құрастырылған. Студенттердің ғылыми іздестіру жұмыстары студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференцияларында және басылым түрінде шықты, ҚР БҒМ мен өткізетін студенттік конференцияларды басып шығарды.

Жалпы медицина мамандығының 5-074 топ студенттері Алмагамбетов Куанышбек және Сергазина Алуа «Жариялауды қалай талдау?» жайында таныстырылым,  тәжірибелік шығу –жариялау көзі PubMed; Жалпы медицина мамандығының 5-085 топ студенті Соколова Валентина «Эссе жазу әдістері» туралы таныстырылымды  баяндады. 

Студенттер баяндамаларды талқылауға белсенді қатысты, соның ішінде жалпы медицина мамандығының  5-024топ студенті  Абулов Шавкат  Душанбе (Тәжікістан) қаласында өткізілген Халықаралық студенттік конференцияға қатысқаны және алған әсерімен бөлісті. 

  Ғылымға бағытталған оқыту (RBL) - студенттік конференцияға медициналық білім бөлімінің бастығы доцент Г.С.Кемелова, медициналық білім бөлімінің маманы Т.В. Макаренко «ғылыми жариялауды 10 минутта жылдам сипаттау жөніндегі 10 қадам» атты пилоттық жобаны сынақтан өткізді,  нәтижесінде білім алушылардың  білім беру процесінде ғылымға бағытталған оқытудың (RBL) маңыздылығын  және  ЖОО-на түскенінен бастап ғылыми – зерттеу жұмысымен айналысудың қажеттілігін түсінді.

Конференция жақсы көніл күймен   «Дөңгелек үстел» түрінде өтіп, студенттерді ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысуға құштарлығын арттырды. Профессор оқыту құрамының сұрақтарды дұрыс қоя білу нәтижесінде студенттер тақырыпты талқылауға белсене қатысты. 

Студенттердің жақсы көніл күйі, көздерінен қызығушылықтың көрінуі осындай ғылымға бағытталған оқытуды тағы да өткізудің маңызы бар екенін көрсетті.   

Кафедра меңгерушісі, доцент А.Р.Алпысова

КафедраассистентіЮ.В.Суббота

№1 Жедел және кідіріссіз  медициналық көмек кафедрасы


0
9050

пікірлер

пікір қалдыру үшін.