Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Отбасы күні

Отбасы күні

24 Мамыр 2016

2016 жылдың мамыр айының 15 жұлдызында ішкі ауралар пропедевтикасы кафедрасының аға-оқытушысы Болаткуль Аширбекова Джузбаевнаның жетекшілігімен және Жалпы медицина және стоматология факультетінің «Жалпы медицина» мамандығының 3-009 топ студенттері «Дамуындағы мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған балалар үйі» ММ тәрбиеленушілеріне мерекелік құттықтау ұйымдастырылды.

Босағадан бізді балалар үйінің тәрбиеленушілері мен тәрбиешілер ашық көңілмен қарсы алды. Сапардың басты мақсаты достық күніне арналған қызықты ойын-сауық бағдарламасын ұйымдастыру. Бағдарлама барысында балаларға өмірдегі достық және арманнның маңыздылығын, бір-біріне деген сүйіспеншілікті арттыру басты негіз болды. 

Бағдарлама барысында ғажайып Фунтик пен Шпунтик атты клоундардан кішкене балалардың нәзік жүректерін барынша қуантып, шаттандырған ойындар өткізілді. Сол ойындарда  олар белсене қатысып, жүлде ретінде кішкене тәтті сыйлықтарды алды. Сонымен қатар, әсем әндер мен қызулы билер болды. Осының бәрінің әсерінен балалар небір қиял-ғажайып ертегіге тап болғандай болды, сол ертегінің ішінде жүріп біздің студенттердің бар жылуын сезіне алды. 

Мейрам балалардың жарқын көңіл-күйі  мен қуанышты  ортада өтті. Олардың бақыттан жайнаған көздерін байқамай қалу мүмкін емес болды.  

Балалар біздің айтқанымызды мұқият және қызығушылықпен бақылап тыңдап отырды, ойындарға барлығы да қатысты, ойыннан құр қалып, зерігіп қалған бала болмады. Балаларға күлкі сыйлағанымыз үшін қалай бақытты болғанымызды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Шынына келетін болсақ, балаларға өте қатты ұнады және балалар да біз сияқты көптеген әсер алды. 

Біз балаларға денсаулық , оқуда табыс, бейбітшілік, сонымен қатар оларға көптеген белестерді бағындырып,  барлық қиыншылықтарды жеңіп шығуын және алдына қойған мақсаттарына жетуін шын ниеттен тілейміз.

Жалпы медицина және стоматология факультеті

«Жалпы медицина» мамандығының 

3-009 топ студенттері


0
8388

пікірлер

пікір қалдыру үшін.