Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Бәрі біздің есімізде. Біз мақтан тұтамыз!

Бәрі біздің есімізде. Біз мақтан тұтамыз!

13 Мамыр 2016

Ұлы Жеңіс күні... Қазіргі өскелең ұрпақ үшін бұл мерекенің мәні неде? «20 миллионнан астам өмірді қыршыннан қиған сұм соғыс туралы біздің балаларымыз бен немерелеріміз біле ме екен?» деген ой мені әрдайым  мазалайды. «Ессіз халық – соқыр, үмітсіз – өлі» дейді халық даналығы.Ұлы Отан соғысы аяқталғалы, зеңбірек атысының соңғы үні өшкелі ондаған жылдар өтті, тыныштық келді және азап шеккен жерімізге адам өмірінің жоғары құны төленген бейбітшілік орнады. Сол соғысқа қатысқандардың қарасы күн сайын азайып бара жатыр. Бірақ естеліктер мәңгі сақталып қалады. Майданның ескі фотосуреттері мен бұрынғы майдангерлер сақтап қалған заттар, ескерткіштердегі суреттер фашизмді жеңудегі тарихтың әрбір батыр  парағын ешқашан да көмескілемейді. Біз фашистерді талқандаған еліміздің ұлдары мен қыздарын мақтан тұтамыз. Жеңіс күні оларды еске аламыз және жадымызда сақтаймыз. Олардың әділдікке деген сенімі 1945 жылы жеңіске жеткізді. Жеңістің құны – жиырма миллионнан астам жанның өмірі! Бұл сандарда жанды ойлар, жанды денелер, адамның жанды қайғысы жатыр. Соғыстың ауыр жылдары бізден неғұрлым алыстаған  сайын, сол соғыста қаза болған миллиондарды есте сақтау үшін соғырлұм ерлік қажет.

  Соғыс кезінде Қарағандыда  жараланған кеңес әскерлеріне арналған 5 эвакуациялау госпиталі жұмыс істеді:

-  №3970/3971 эвакогоспиталі;

-  №3972 эвакогоспиталі;

-  №1776 эвакогоспиталі;

-  №3414 эвакогоспиталі;

-  №3973 эвакогоспиталі.

Қарағандының Саран тас жолындағы Михайловск зиратында 17 кеңес әскерлері қабірінің үстінде ескерткіш тұр. Қарапайым мемориалдық тақта еліміздегі қалаларда тұрғызылған көптеген ескерткіштерге ұқсайды. Мұнда Ұлы Отан соғысы жылдарында қаламыздың госпитальдерінде жараланып, қайтыс болған жауынгерлер жерленген. Жыл сайын Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің әскери кафедрасы жауынгерлер зиратына күтім жасау бойынша акция өткізеді. Биылғы жылы да бұл дәстүр өзгермеді.

2016 жылдың 23 сәуірінде әскери кафедраның оқытушылары 3-ші курс студенттерімен бірге Ескерткіш пен Кеңес Одағы батырларының зираттарына күтім жасау бойынша сенбілік өткізді. Ескерткіштің өзін және оған тиесілі аумақты ретке келтірді: ескерткіш стеласы толығымен жуылды, түскен жапырақтар мен қоқыстардан тазаланды, ескерткіштің қашасы сырланды, жиектер мен ағаштар әктелді.

  Ұлы Отан соғысындағы жеңістің құрметіне арналған шараларды өткізу қарсаңында мемориалда қайтыс болған жауынгерлерді еске алуға арналған митинг ұйымдастырылып, гүл шоқтары қойылды. Митингке  ҚММУ әскери кафедрасында оқитын студенттер, әскери кафедра бастығы, медицина ғылымдарының докторы, медицина қызметінің полковнигі Амантай Мұқанбайұлы Мұхаметжанов бастаған оқытушылар құрамы қатысты. Митинг бір минуттық үнсіздік жариялаумен басталды, мемориалдың іргесіне ескерткіш гүл шоқтары қойылды. Әскери кафедра бастығы, медицина ғылымдарының докторы, медицина қызметінің полковнигі Амантай Мұқанбайұлы Мұхаметжанов сөз сөйледі, бұдан кейін студенттер кеңес халқының өшпес ерлігіне деген  өздерінің сезімдерін білдіретін өлең шумақтарын оқыды.

  7 мамыр күні Қазақстанда бүкілхалықтық Отан қорғаушылар күні тойланды. Бұл мереке қарсаңында әскери кафедрада аталмыш мерекеге арналған шаралар өтті. Әскери кафедраның біріншілігі үшін әскери-спорттық эстафета мен үстел теннисі бойынша турнир болып өтті. Оған әскери кафедрада оқитын студенттердің барлығы қатысты. Шаралар бағдарламасы Ауған соғысының ардагері, III дәрежелі «Отан алдындағы еңбегі үшін» орденінің кавалері, әскери кафедраның аға оқытушысы, медицина қызметінің отставкадағы полковнигі Ғабдолла Зайданұлы Балтынов қатысқан «Дөңгелек үстелмен» аяқталды.

  Жеңіс күнін тойлау қарсаңында әскери кафедра қызметкерлері Ұлы Отан соғысы ардагерлері: далалық жылжымалы госпиталь фельдшері Киселева Анастасия Николаевна мен штаб машинисткасы Попова Анна Ивановнаның  үйлеріне барып, хал-жағдайларын сұрап, мерекемен құттықтап қайтты. Ардагерлер студенттерге жауынгерлік өткен шақтары туралы, жас кездерінде майданға қалай кеткендері туралы әңгімелеп берді. Студенттер ардагерлерді мұқият тыңдап, оларға мықты денсаулық пен ұзақ өмір тіледі. Бейбіт өмір үшін  жандарын аямаған, Жеңіске жеткізген және келешек ұрпаққа бақытты өмір сүру құқығын әперген жауынгерлерге өмір бойы қарыздар екендерін айтты.

  Жеңіс күніне арналған шаралар – ұзақ та, қантөгісті соғыста кеңес халқының өшпес ерлігіне жасаған тағзым ғана емес, сондай-ақ, өскелең ұрпақтың азаматтық-отансүйгіштік сезімдерін тәрбиелеу, өз халқымыздың намысы мен табандылығын, Отанға деген махаббаты мен аға буынды құрметтеуге тәрбиелеу.

«Жалпы әскери дайындық» пәнінің оқытушысы

запастағы подполковник  Ш.Ш. Бабаев 


0
8440

пікірлер

пікір қалдыру үшін.