Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚММУ№1 ішкі аурулар кафедрасында RESEARCH – BASED LEARNING ұстанымдарын қолдана отырып жасаған ғылыми жобалар түріндегі студенттердің өзіндік жұмысы

ҚММУ№1 ішкі аурулар кафедрасында RESEARCH – BASED LEARNING ұстанымдарын қолдана отырып жасаған ғылыми жобалар түріндегі студенттердің өзіндік жұмысы

12 Мамыр 2016

2016 жылдың  28 сәуірінде №1 ішкі аурулар кафедрасында 4-курс жалпы медицина және стоматология бөлімінің студенттерінің  RESEARCH – BASED LEARNING ұстанымдарын қолдана отырып   жасаған ғылыми жобаларын қорғау өткізілді.

 Бұл іс-шараның ең негізгі мақсаты - студенттерді өз бетінше ғылыми ізденіске жұмылдыру, тақырып бойынша жаңа ақпараттар іздеу және солар бойынша ғылыми  зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға ықпал жасау, топта бірлесе  отырып  жұмыс жүргізу тәсілдеріне төселдіру, әр түрлі коммуникативтік  дағдыларды игертумен қатар көпшілік алдында сөйлеу машықтарын қалыптастыру.  

Жалпы медицина және стоматология 4-100 бөлімінің студенттер тобы қорғауға 3 ғылыми жоба ұсынды:

1) «Серонегативті спондилоартриттін сирек кездесетін клиникалық түрлері» Авторлары: А. Сатиболдиева, А. Каржауова, В. Кулясова, А. Бортюк. Аталмыш студенттер The Cochrane library, PubMed электрондық базасындағы деректердің 10 жылдық әдебиеттер ауқымының тереңдігімен  талдай келе, жобаның авторлары  бірлескен түрде студенттерге анкилозды спондилоартрит (скандинавиялық нұсқа) пен псориатикалық артриттің қабаттаса келуі жайлы ақпаратпен таныстырды . Бұл жоба Теміртау қаласындағы  Орталық ауруханасы базасында  орындалып ,  (Power Point) негізінде жасалған бейне-жазба , таныстырылым ретінде көрсетілді және стендті –баяндама арқылы  жүзеге асырылды.

2) « Қарағанды қаласындағы түрлі  ЕПМ -дегі ВГДС мүмкіндіктерінің клиникалық жағдайларының көрсетілімі» Авторлары: А. Койшибаева, К.Турлубаева. Жобаға қатысушылар ВГДС-тың мүмкіндіктерін 3 ҚММУ клиникалық базаларында сынады:Облыстық Медицина орталығы, Консультативтік-Диагностикалық орталық, Облыстық Клиникалық Аурухана негізінде бағалады. Жоба авторлары өз еңбектерін көпшілікке таныстырылым түрінде көрсете отырып, клиникалық жағдайларды  бейнеролик форматында  және фотосуреттер арқылы орындады. 

3)"Когнитивтік бұзылыстарды бауыр циррозы бар науқастар арқылы бағалау". Авторлары: А. Полещук, Е. Ахметов, С. Аяғанов, С. Құрбанбаев. Жұмыс авторлары  когнитивтік бұзылыстардың ауыр зардаптарын бауыр циррозы бар науқастарды  Рейтана тестілеуі ,  MMSE, MOCA шкалалары көмегімен бағалау арқылы көрсете алды. Жоба Теміртау қаласындағы  Орталық аурухана базасында орындалды. Зерттеу нәтижелері түрінде ұсынылған тұсаукесер, бейнеролик және бастапқы материал  фотосуреттер болып саналады. 

     Біздің жобалардың  бас үйлестірушісі ДБ №1, кафедрасының доценті  м. ғ. к. А. М. Жусупова біздің ғылыми жобамен айналысуымызға барлық жағдай жасады, барлық бастамамызға қолдау көрсете отырып, бағыт-бағдар сілтеп отырды. СӨЖ-ді RBL ұстанымдарын қолдана отырып,бізге,ғылыми жоба жасаушыларға медициналық және ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу ерекшеліктерін меңгертті, қажетті ақпараттар мен деректерді екшей отырып қолдануға нұсқау жасады, сондай-ақ , жобаны әрлеу мен өңдеу жұмыстарының көрнекі болуына, жоба  мақсаты  мен зерттеу міндеттерін анықтау мен зерттеу нәтижелерін талдау, алынған ақпараттарды қорыту мен түйіндеу кезеңдерінде туындаған қиындықтарды жоюға әрдайым ақыл-кеңесін бере білді.

Жалпы медициналық бөлімінің  4-100 тобының студенттері ғылыми  жобаларға қатысуымызға рұқсат етіп , түрлі тақырыпта зерттеулер жүргізуімізге мүмкіндіктер туғызып, кәсіби тұрғыдан дамуымызға ықпал жасағандарыңыз үшін  клиникалық жұмыс проректорына және үздіксіз кәсіби дамыту бойынша іс-д. м. ғ. д., профессор, кафедрасының меңгерушісі Б. Н. Кошероваға, м. ғ. д, профессор ,кафедраның меңгерушісі Д. Ж. Тайжановаға, м. ғ. к., доцент А. М. Жүсіповаға,  4 курстың оқу ісінің меңгерушілеріне , и. о. профессор А. С. Толеуоваға, доц. Ж. А. Бейсенбековаға,  ҚММУ  баспаханасы қызметкерлеріне үлкен алғысымызды білдіреміз .

4-100 тобының жалпы медицина факультеті студенттері А.Сатиболдиева, А.Койшибаева.


0
8597

пікірлер

пікір қалдыру үшін.