Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Шет тілдер кафедрасының «Жоғары оқу орындарында кәсіби-бағдарланған тілді оқыту ерекшеліктері» мастер-класын өткізуі

Шет тілдер кафедрасының «Жоғары оқу орындарында кәсіби-бағдарланған тілді оқыту ерекшеліктері» мастер-класын өткізуі

03 Мамыр 2016

Шет тілдер кафедрасы өзінің тарихында алғаш рет  «Жоғары оқу орындарында кәсіби-бағдарланған тілді оқыту ерекшеліктері» мастер-класын ұйымдастырып,  өткізді, сол себепті, 18-22 сәуір  шет тілдер кафедрасы үшін ғана емес, мастер-кластың 28 тыңдаушысы үшін де атаулы апта, олар  кәсіби қызметтері үшін маңызды тақырыптармен танысты :

1.  Жоғары мектепте  кәсіби-бағдарланған тілді оқытудың белсенді әдістері

2.  Кәсіби-бағдарланған тіл СҒЗЖ шеңберінде RBL (research based learning –зерттеуге негізделген оқыту). Зерттеудің ғылыми-түсінік аппаратын жасау

3. Кәсіби-бағдарланған тілді оқытуда В.С. Аванесовтың әдістемесі бойынша тест үлгілері.

4.Кәсіби-бағдарланған тілді оқытуда ойын технологиялары.

5. Зияткерлік карталар (mind-mapping) және оларды оқу үдерісінде қолдану мүмкіндіктері

Өткізілген мастер-кластың  негізгі мақсаты-күрделі мәселелерді шешу тәсілдері бойынша аталған салада тәжірибе алмаса отырып, жоғары оқу орындарында кәсіби-бағытталған тілді оқытудың теориялық және практикалық аспектілері бойынша ұсынылған ақпаратты беру.

Мастер-кластың және оның ұйымдастырылу деңгейінің мазмұндылығы туралы  тыңдаушылардың пікірі төмендегідей:

Кәсіби-бағдарланған тілді оқыту ерекшеліктеріне арналған мастер-клас  ұйымдастырушыларына, әсіресе,  әкімшілігіне және шет тілдер кафедрасының меңгерушісі Бурмистрова Валерия Алексеевнаға алғысымды білдіремін! Осы  мастер-класта  мен білімімді толықтырдым, кәсіби-бағдарланған тілді оқытудың жаңа технологияларымен таныстым. Ұйымдастырушылар  тест тапсырмаларын құрастыру, ғылыми-бағдарланған тәжірибелік сабақтарды қалай өткізу  және Mind Mapping  сияқты қазіргі таңда өзекті болып табылатын тақырыптарды қозғаған.Университетке гүлдену мен шығармашылық табыс тілеймін! !" (Ж.Н. Кузар, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ магистрі, шет тілдер кафедрасының оқытушысы)

Құрметті Раушан Султановна!  «Жоғары оқу орындарында кәсіби-бағдарланған тілді оқыту ерекшеліктері» атты мастер-класс ұйымдастырғаныңыз үшін Сізге алғыс білдіруге рұқсат етіңіз.Мастер-класс қатысушысы бола отырып, оқытудың белсенді әдістерімен танысып қана қоймай, сондай-ақ, олардың  RBL әдісі бойынша өткізілген тәжірибелік сабақта қолданылуын көруге мүмкіндік алдық. Тест түрінде  тапсырмаларды құрастыру, кәсіби-бағдарланған тіл бойынша  сабақтарда ойын технологияларын қолдану  мен үшін ерекше қызығушылық туғызды. Сіздің жоғары оқу орныңызға және шет тілдер кафедрасына кәсіби қызметін жүзеге асыруда шығармашылық табыстар тілеймін.( З.М. Байжанова, ҚазГЗУ аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы, магистр )

Сәлеметсіз бе, құрметті Раушан Сұлтанқызы! Мен сіздердің шет тілі кафедрасы меңгерушісінің ұйымдастыруымен өткен мастер кластан өте жақсы әсер алып қайттым. Семинарда өзіме қажетті көп мағлұмат алдым.Семинарда RBL бағдарламасы бойынша мәлімет алып, өз тәжірибемде қолданамын деген ойдамын.Осындай мастер –кластар, семинарлар жиі өтсе деген ойдамын Көп -көп рахмет ! ".( Жананұр Камбарқызы, СММУ ағылшын пәнінің оқытушысы )

18-22 сәуір аралығында «Жоғары оқу орындарында кәсіби-бағдарланған тілді оқыту ерекшеліктері»  мастер-класын ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіреміз. Кафедра зияткерлік карталарын құрастыру және оны қолдану В.С. Аванесов әдісі бойынша тест формаларын оқу процесінде.қолдану мен әзірлеу бойынша қажетті, әрі пайдалы ақпарат алды. Жоғары мектепте оқытудың белсенді әдістерін қолдану мүмкіндіктері туралы кеңестер аса бағалы болды.Мастер-кластың мазмұны мен форматы инновациялық және өзекті болып табылады. Оқу үдерісінде жоғары оқу орындарындағы үштілділік және т.б. өзекті мәселелер ескерілді. (ҚММУ орыс тілі кафедрасының ұжымы)

Сонымен, мастер-кластың негізгі мақсаты жүзеге асырылды деп тұжырымдауға болады, ал көшпелі мастер-кластар (Орал,  Астана, Қостанай қалалары) өткізу туралы түскен көптеген ұсыныстар мастер-класс шеңберінде қарастырылған тақырыптардың  практикалық маңыздылығы мен өзектілігін дәлелдейді.


0
8894

пікірлер

пікір қалдыру үшін.