Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ХХІ ғасыр білімдары.

ХХІ ғасыр білімдары.

29 Сәуір 2016

9 сәуірде Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім Қазақстан студенттерінің Альянсымен бірге ҚММУ-де студенттер үшін  «ХХІ ғасыр білімдары» зияткерлік  викторинасын өткізді.

  Бұл викторинаның ерекшелігі – сұрақтардың  медицина тақырыбына ғана емес, жалпы тақырыптарға да арналуында. Ойынға 12 адам қатысты, олар жеребе арқылы  4 топқа бөлінді:

«Эрудит» (Ерәлі Үміт , Байзақова Азиза, Нурушов Талғат);

 «Жеңімпаздар» (Назар Әділхан, Асанбеков Асылхан, Жолшыбек Нұрмахан);

 «Жеңіс» (Ескендір Дәулет, Ескендіров Нұржан, Каримов Аслан);

 «Тұлпар» (Тураханов Армуган, Кенжибаева Айгерим, Өмірзақ Елдос).

  I - тур жалпы тәртіп тақырыбы бойынша тест сұрақтарынан тұрды. II -турда қатысушыларға топпен жұмыс жасай отырып, мамандандырылған тақырып сұрақтарына жауап беруге тура келді. Ең қызықтысы үшінші турда болды, онда ойыншылар  «Дін және тарихи мұра» тақырыбында сурет салу арқылы өздерінің фантазияларын, қисынды ойлау қабілеттерін және білгірлігін көрсетті.

  Зияткерлік викторина ҚММУ студенттерінің  медицинаға қатысты, сондай-ақ, білімнің басқа барлық салаларындағы білімін көрсетті.

  Білікті әділ қазылардың ойынша, «Тұлпар» тобының қатысушылары ең білімді болып  шықты. Топтың барлық  қатысушылары «ХХІ ғасыр білімдары» құрметті атағы беріле отырып, I - дәрежелі дипломмен марапатталды.

Н. Мынбай 3030 ЖМ

ҚММУ ҚАС РСҚ көшбасшысы,

Н. Ганиев 3042 ЖМ 

Сектор жетекшісі. 

0
7740

пікірлер

пікір қалдыру үшін.