Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Алматыдағы қос жеңіс

Алматыдағы қос жеңіс

29 Сәуір 2016

15-18 сәуірде С.Д. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университеті Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған ҚР медициналық ЖОО-ның дәстүрлі Республикалық пікірталас жарысын өткізді.

Жарыс студенттердің азаматтық бастамаларын, олардың пікір таластыру дағдыларын дамытуға, жастардың ойлау өрістерін кеңейтуге, сонымен қатар, өз азаматтық ұстанымын қорғуға және дәлелдей білуге бағытталған.

Пікірталас жарысына ҚР медициналық ЖОО-нан 32 студенттік команда қатысты. Қарағанды мемлекеттік медицина униерситетінен «Намыс» пікірталас клубының қатысушылары қатысты. Жарыстың ресми форматтары: Американдық парламент (APF) және Линкольн-Дуглас (LD).

Үш іріктеу кезеңінен кейін финалға екі үздік команда шықты: Семей қ. Медицина университеті және ҚММУ командалары. Біздің студенттер (Маликайдар Айжан 3-043 ЖМ және Егентаева Маржан 6-001 ЖМ) мағыналы ойын көрсете отырып, жеңіске деген ерекше ұмтылысымен ҚР медициналық ЖОО арасындағы IV Республикалық пікірталас жарысының жеңімпазы атанды.

«Линкольн-Дуглас» форматында ҚММУ командасының спикері Маликайдар Айжан жеке біріншілікте финалға шығып, жарыстың тәжірибесі мол ойыншысы, Астана Медицина университетінің спикері Салтанат Тұрсынханмен кездесті. Әділ қазылардың бір ауыздан қабылдаған шешімімен ҚММУ командасының капитаны Айжан Маликайдар ҚР медициналық ЖОО арасындағы Республикалық пікірталас жарысының жеңімпазы атанды. «Намыс» пікірталас клубы жарысқа қатысуға көмек көрсеткендері үшін ҚММУ ректоры, профессор Р.С. Досмағамбетоваға, оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор В.Б. Молотов-Лучанскиге және Жастармен жұмыс жөніндегі бөлімге алғыстарын білдіреді.

Ибраев Батыржан 4-014 ЖМ


0
8408

пікірлер

пікір қалдыру үшін.