Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Біз болмасақ, кім

Біз болмасақ, кім

29 Сәуір 2016

Төрт жыл бұрын біздің университетте Кеңес ардагерлерінің ректор, профессор Р.С. Досмағамбетовамен бірлескен отырысында онкология кафедрасының доценті М.Б.Тургунов университет ардагерлерінің студенттермен кездесуін өткізуге ұсыныс жасаған, бұл кездесулер қазіргі уақытқа дейін кесте бойынша барлық жатақханаларда өткізіледі. 

Кездесу мақсаты – университеттің қалыптасу тарихымен, «Дәрігер анты» және «Бірінші курс студенттерінің салтанатты уәде беруі» сияқты дәстүрлерді жетілдіру және  дамытумен, студенттердің спорттық және мәдени-бұқаралық жұмыс жетістіктері мен дамуына қатысуымен таныстыру. Мамандық ерекшеліктеріне қарай сұрақтар қойылады (кездесуді кім өткізіп жатқанына қарай), клиникалық қызық оқиғалар туралы, аурудың алдын алуы, салауатты өмір салты туралы айтылады.

Әлбетте, біздің университетте 51 жылдық еңбек тәжірибесі бар доцент Мейрам Байзрахманович үшін, студенттік жылдардағы бұрынғы белсенді комсомол жұмысы, содан кейінгі деканаттағы 24 жылдық қызметі және көп жылдық парткомдағы еңбегі жайлы студенттерге айтары, бөлісері және тілері көп.  

Мейрам Байзрахманович кездесулерге шын көңілімен баратынын кафедрада мойындайды, институттың бірінші ректоры Петр Моисеевич Поспелов туралы, оның денсаулық сақтау саласына және жоғарғы білікті дәрігерлерді даярлауға, соның ішінде ұлттық кадрларды даярлауға қосқан зор үлесі туралы айтылды. П.М. Поспеловтың үлкен үлесі Жосалы темір – минералды суының Шалғынды родон көзін іздестіріп, ашуында.  

Қарқаралыдағы демалу аймағының, Ерубаев көшесіндегі медициналық институттың спорттық залының салынуы  барысындағы әңгімелермен М.Б. Тургунов бар ынтасымен бөліседі.  Ол Кеңес одағының азаматы, бірінші адамның космосқа ұшуын институтта қалай қабылданғанының куәгері болды. Космонавт В.А.Шаталовпен, біздің институттың алғашқы түлегі, академик Т.Ш. Шармановпен, біздің түлегіміз, академик, энциклопедист адам, өзінің досы ретінде Г.А. Кулкубаевпен кездесуі жайлы айтты. Мейрам Байзрахманович проректорлар Г.А.Жанайдарова мен М.И. Даулетбакова туралы  тек жақсы сөздерімен еске алады, осы кісілермен бірге жұмыс істеу оқытушылар, студенттермен жұмыс істеуде мол тәжірибе берді.

Мейрам Байздрахманович студенттік жылдарының, тың және тыңайған жерлерді көтеру кезеңіне келгенін  қалжыңмен айтады, «Мыңдаған пұт астық» жинастыру шараларына қатысқан, ал кейіннен  комсомол жұмыскер ретінде студенттердің ауылшаруашылық жұмыстарға сапарын ұйымдастырды. Сондықтан, саябақтағы шоқ қайыңдар мен қала көшелеріндегі коммунистік сенбілікті жиі еске алады. 

М.Б. Тургунов осы өткізілген кездесулердің кіші курс студенттері үшін олардың медицина мамандығына енуіне  үлкен тәрбиелік рөл атқарады  деп есептейді.

Мейрам Байзрахмановичтің еңбек жолы біздің университет қабырғасында медициналық кадрларды тәрбиелеу мен даярлауға арналған. Заңды түрде ол Облыстық денсаулық сақтау департаментінің өтініші бойынша төрт мемлекет: Ресей, Қазақстан, Белоруссия мен Арменияның «Үздік адамдар», «Білім берудегі үздіктер» тақырыбы бойынша 2016 жылдың қаңтар айында шыққан халықаралық үлкен энциклопедиясына қатысушы ретінде енгізілген болатын.

 

Онкология кафедрасының меңгерушісі, 

м.ғ.д. профессор  В.Б. Сирота 


0
7883

пікірлер

пікір қалдыру үшін.