Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Көрнекті ғалымпрофессор Виталий Николаевич Крюковты еске алуға арналған«Сараптау тәжірибесі мен сот медицинасының өзекті сұрақтары – 2016» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

Көрнекті ғалымпрофессор Виталий Николаевич Крюковты еске алуға арналған«Сараптау тәжірибесі мен сот медицинасының өзекті сұрақтары – 2016» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

29 Сәуір 2016

2016 жылдың  13-14  сәуірінде Мәскеу қаласында көрнекті ғалымпрофессор Виталий Николаевич Крюковты еске алуға арналған «Сараптау тәжірибесі мен сот медицинасының өзекті сұрақтары – 2016» атты Халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференция өтті.

Конференция жұмыстына Ресей, Белоруссия, Украина, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Монғолия және Европаның жетекші мамандары қатысты. Конференцияда Германия, Словакия мамандарының сот-медициналық және молекулярлық-генетикалық зерттеулер саласындағы тәжірибелері сот-медициналық сарапшыларды инновациялық қызметке тарту және  зерттеудің сот-медициналық әдістерін дамытуда тиімді тәсілдерді жүзеге асыру бойынша ұсынылды. Сонымен қатар, Ресейде жүзеге асырылатын моделдер мен тәсілдер ұсынылды.

Конференция шеңберінде 6 секция, соның ішінде «Сот дәрігерлерінің Шығыс-Еуропа одағының симпозиумы»  жұмыс істеді. Конференцияда барлығы 100 ғылыми баяндама оқылды,  10 мастер-класс және 5 семинар өткізілді. Конференцияда сот-медициналық сараптаманы өткізудегі жаңару мен талап етілу тұрғысынан әлемдегі сот медицинасының тәжірбелік және теориялық  үрдістері, сонымен қатар, мамандарды оқыту үрдісі  толық талқыланды. Сот медицинасының әр түрлі аспектілеріне арналатын конференциялар сот-медициналық қызметтің қазіргі дамуының ажырамас бөлігі болып табылады. Осы конференцияның негізгі тақырыптары - дәстүрлі немесе компьютерлік аутопсияға артықшылық көрсету сұрақтары, заттық дәлелдерді заманауи зерттеудің артықшылықтары мен кемшіліктері, болашақта түрлі мемлекетте сот-медициналық сараптаманың даму стратегиясы, сот медицинасының ғылыми және тәжірбиелік аспектілерінде кадрлық ресурстарды құру қажеттілігі, сонымен қатар,  жетілген мәселелерді шешудегі  ғылыми конференциялардың рөлі. Осылайша, «Сараптау тәжірибесі мен сот медицинасының өзекті сұрақтары – 2016» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аталған саладағы жаңа ғылыми жетістіктермен түрлі мемлекеттердің сот-медициналық сарапшыларын таныстырып қана қоймай, ғалымдар арасындағы халықаралық ғылыми диалог алаңы болды, және бұлар мастер-кластар мен кездесулерде түрлі мемлекеттің қызығушылық білдірген жастарымен өз тәжірибелерімен қуана бөлісті, оларды нақты тәжірибелік дағдыларға үйретті.   

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның жұмысына біздің университеттен №2 хирургиялық аурулар және патологиялық анатомия кафедрасының доценті, м.ғ.к., жоғарғы санатты сот-медициналық сарапшы С.А. Мусабекова қатысты. Ол «Қазақстан Республикасында сот-медициналық сараптаманың даму концепциялары» атты баяндама ұсынды және үздік баяндама номинациясы бойынша дипломмен марапатталды. Конференция ұйымдастырушылары халықаралық қарым-қатынас және тәжірибемен алмасу шеңберінде сот медицинасы бойынша өткізілетін барлық ғылыми-тәжірибелік конференциялар жұмыстарына Қарағанды аймағындағы сот-медициналық сарапшылары болашақта да  белсенділік танытып қатысады және ынтымақтастық жүргізеді деген сенім артады.   


0
7762

пікірлер

пікір қалдыру үшін.