Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
КарЛАГқа сапар

КарЛАГқа сапар

22 Сәуір 2016

2016 жылдың 14 сәуірінде университеттің студенттері Қазақтан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының аға оқытушысы Долгополов Александр Борисович және профилактикалық медицина, биология және фармация факультетінің декан орынбасары Омарова Айнур Құралбековнаның  жетекшілігімен Долинка поселкесінде орналасқан саяси репрессия құрбандарына естелік Музейінде болып қайтты.

КарЛАГ (толық аты– ХКІІ-Ішкі істер Халықтық комиссариаттың Қарағанды еңбекпен түзеу лагері), жаппай саяси репрессия кезеңінде ұйымдастырған Гулаг жиынтық атауына ие болған жүздеген лагерьлердің бірі. (Лагерьлердің басты басқармасы) Қазақстан территорясында адам тағдырын шырмаған кеңес тоталитарлық жүйесінің басқа да лагерьлері болды, бірақ Карлаг олардың ішінде ең ауқымдылығы және маңыздылығымен ерекшеленеді.

Біздің көргеніміз бен сезінгенімізді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Бұл ғимараттың энергетикасы бүгіні күнге дейін сақталған деп айтуға болады. Ғимаратқа кіре бере, ең бірінші, көк аспанның астында қираған шаңырақты, пыр-пыр етіп ұшып жүрген құсты көрдік, гидтің айтуы бойынша, бұл біздің шексіз жапа шеккен халқымыздың өмір ағымындағы тарихи қиындықтарының, мыңдаған тағдырлардың қиылғанының және жоғалған жылдар, жалған кемсітуге ұшыраған есімдердің ескерткіші іспеттес. Бұнда тұтқындардың естеліктері және хаттардың үзінділері, үкімдер, сауалнамалар және жоспарлар, карталар және фотосуреттер көруге ұсынылған. Естелік бөлмесінде Карлаг тұқындарының, сонда дүниеге келген нәрестелердің есімдері көрсетілген. Мұражай залдарының бірінде қызметкерлерді түскі тамақтануға шақыру белгісі ретінде пайдаланылған рельстің үлгісі бар, дәліздегі барлық шамдар 30-40 жылдар үлгісінде. Сталиннің портреттері мен көздері, сәйкесінше әуен, төменгі қабаттағы бұлыңғыр колорит, тормен жабылған терезелер – бұның барлығы көпке дейін санамыздан кетпеді.

Мұражай монументалды композицияларға бай – олардың бірі кілттермен және сымдармен оралып, төбесінде – жас өркендері бар «Белый росток» - ағашы. Қуатты мемлекетіміз жайлы мәліметтер жинақталған мұражай экспонаттарының соңғы бөлмесінде бізді ұрпақтарымыздың Отаны болатын туған жеріміз үшін мақтаныш сезімі биледі!

Экскурсиядан кейін барлық экскурсияға қатысушылар қазіргі таңда барлығымыздың өміріміз қаншалықты керемет және жарқын екендігін сезінді! Бұл сол ағаштағы өркеннің жарқын болашаққа, біз өмір сүріп отырған ғажап уақытқа тамыр жіберуі!

Профилактикалық медицина,

биология және фармация факультетінің

5 – курс студенттері


0
7848

пікірлер

пікір қалдыру үшін.