Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
7-курс түлектерінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің Шекара қызметі» өкілдерімен кездесуі

7-курс түлектерінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің Шекара қызметі» өкілдерімен кездесуі

21 Сәуір 2016

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде 2016 жылғы19 сәуірде «Жалпы медицина» мамандығының 7-курс түлектерінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Шекара қызметі» өкілдерімен кезекті кездесуі өтті.

ҚР ҰҚК шекара қызметінің  медицина қызметінің подполковнигі Байкенов Қанат Мухамедович ҚММУ қырық түлегімен кездесті.  Іс-шара барысында Қ.М. Байкенов түлектерге ҚР ҰҚК Шекара қызметін өткеру маңыздылығы мен басымдықтары туралы айтты. Қ.М. Байкенов терапевт, стоматологтар, дәрігер-инфекционист сынды медициналық кадрлардың қажеттілігін атап өтті. Айтуынша, жалақыдан бөлек, әрбір медицина қызметкері қызметтік тұрғын үймен немесе белгіленген стандарттарға сәйкес, отбасының әрбір мүшесіне берілетін ақшалай өтемақымен қамтамасыз етіледі.

Сөз соңында, К. М. Байкенов түлектердің көптеген сұрақтарына жауап беріп, зейнетке 47 жастан шығуды ҚР ҰҚК Шекара қызметінің ең басты артықшылығы деп атап өтті.

ҚР ҰҚК Шекара қызметінде жұмыс істеу туралы толық ақпаратты www.shekaraknb.kz сайтынан көруге болады деп қосымша мәлімдеді. 

0
8160

пікірлер

пікір қалдыру үшін.