Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
24 наурыз – Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні.

24 наурыз – Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні.

21 Сәуір 2016

Туберкулез – туберкулез микобактериясымен шақырылатын, көбінесе өкпені зақымдайтын инфекциялық бактериалды ауру. Туберкулез өлімге әкелетін аурулар арасында ЖИТС-тан кейінгі II орынға ие. ДДҰ мәліметі бойынша 95% туберкулезбен өлімге әкелетін жағдайларға экономикалық жағдайы төмен және орта елдер және де 15 жастан 44 жасқа дейінгі әйелдер арасында негізгі себеп болып табылады.

Сау адамдарда туберкулез микобактериясын жұқтыру жиі ауру туындатпайды, яғни ол әрбір адамның иммунды жүйесіне тікелей байланысты. Дер кезінде медициналық тексерулер туберкулезді емдеуге көмектеседі. Соңғы 10 жылда фтизиятрилық қызметтің, БМСК қызметінің және салауатты өмір салтын ұстанымының жақсаруы 100000 халыққа шаққанда 58,5 аурушаңдылықты, 3,8 өлім-жітімнің азаюына алып келді. Бірақ та көп жағдайда өлім-жітімнің алдын алуға болатынын, яғни өлімге қарсы шараларды нығайтуға болатындығын ескеру қажет.

Жыл сайын еліміздің барлық аймақтарында 24 ақпан айынан 23 наурыз “Қазақстан – туберкулезге қарсы еркін мемлекет” деген ұранмен 24 наурыз дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне арналған профилактикалық іс-шарасын өткізуде ҚММУ фтизиатрия кафедра меңгерушісі м.ғ.д. профессор Н.С. Тәбріз басшылығымен әр түрлі семинар, дөңгелек үстел, жиындарға белсенді қатысады. Мұндай шаралардың басты мақсаты студенттердің білімін жетілдіруге және жаман әдеттерден бас тартуға, дұрыс тамақтану, дене шынықтыру, уақытылы дәрігер қаралуынан өтуді дамытуға бағытталған.

Осындай іс-шаралар осы жылы да өткізілді: кафедра ассистенттері ҚММУ жатақханаларында және мектептерде дәрістер оқыды: Б.А. Оспанова - №1  жатақхана, З.Ж. Джақсыбекова №3 - жатақхана,  Н.М. Серікбаева - №4 жатақхана, М.Т. Қожамұратов - №50 мектеп, Л.М.Арапова - №6 жатақханада.

Іс-шаралардың барлық мүшелері ақпараттармен толық қанағаттанды, көптеген сұрақтар қойылды және соған сәйкес тиісті жауаптар алынды. Барлық қатысушылар жақсы көңіл-күйге ие болып, өздерінің білім деңгейін жаңа мәліметтермен толықтырды.

  ҚММУ фтизиатрия кафедрасының ассистенті  Л.М.Арапова


0
8006

пікірлер

пікір қалдыру үшін.