Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Үздіксіз кәсіби дамыту факультетінің түлектері және Қарағанды облысының жұмыс берушілермен кездесу

Үздіксіз кәсіби дамыту факультетінің түлектері және Қарағанды облысының жұмыс берушілермен кездесу

20 Сәуір 2016

2016 жылдың 14 сәуірінде Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде 2016 және 2017 жылдары оқуын бітерген резиденттер Қарағанды облысының әр түрлі медициналық мекемелердің жұмыс берушілерімен кездесті. 40-тан астам Абай, Балқаш, Жезқазған, Қаражал, Саран, Сәтбаев, Теміртау қалаларының медициналық ұйымдардың өкілдері, Шет, Жаңарқа, Ұлытау аудан орталықтары, сондай-ақ Қарағанды қаласының медициналық ұйымдары іс-шараға қатысты.

Кездесуді клиникалық жұмыс және түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімінің бастығы Б. К. Омарқұловқұттықтау сөзімен бастады, бұдан әрі үздіксіз кәсіби дамыту факультетінің деканның орынбасары Ю. С. Шилина баяндама жасады.

Іс-шараны жұмыс берушілер жалғастырды, олар медицина кадрларының қажеттілігін атап өтті, сондай-ақ өздерінің медициналық мекемелерінде жұмыс жүргізу тәртібін, еңбекақы төлеу шарттарымен және ұсынылатын әлеуметтік бумамен таныстырды.

Балқаш қ. орталық ауруханасының директоры Ә. Т. Махмұтов анестезиолог-реаниматологтар, акушер-гинекологтар, ЖМК дәрігерлері, инфекционистер, неонатолог, педиатр, терапевт жетіспеушілігі туралы хабардар етті. Қосымша көтерме қаражат мөлшері 250 мың теңге болатыны, жұмысқа орналасу кезінде, қызметтік пәтер беру мүмкіндігі, сондай-ақ оқыту  үшін ақы төлеу, қайта даярлау, мамандардың біліктілігін арттыру мүмкіндіктері қарастырылатынына хабардар етті.

Жанарқа аудандық орталық аурухананың бас дәрігері С. Қ. Құлмағамбетов, - жұмысқа орналасу мәселесінде қызметтік пәтерлер, көтерме ақы төлеу мүмкіндігі ұсынысы қарастырылуда дейді.__ Жезқазған аймақтық өкілдігіне Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының жас мамандар үшін жәрдемақы және қызметтік тұрғын үй беруге кепілдік береді.

Сондай-ақ кездесу барысында резиденттер әлеуетті жұмыс берушіге сұрақтарын қойып, жиналыс соңында үш жақты келісім-шарт жасасты, осы іс-шараныңнегізгі мақсаты - жас маманды жұмыспен қамтамасыз ету.


0
7782

пікірлер

пікір қалдыру үшін.