Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Халықаралық шет тілдер бойынша студенттер олимпиадасына шетелдік студенттердің қатысуы

Халықаралық шет тілдер бойынша студенттер олимпиадасына шетелдік студенттердің қатысуы

19 Сәуір 2016

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде 6 сәуірден 8 сәуір аралығында «Қазіргі қоғамның әлеуметтік-мәдени өзгеруі жағдайындағы тіл білімі» халықаралық ғылыми форумы шеңберінде Халықаралық шет тілдері бойынша студенттер олимпиадасы өтті.

Олимпиадаға тоғыз мемлекет - ҚХР, АҚШ, Франция Республикасының, Үндістан Республикасының, Өзбекстан Республикасының, Қырғызстан Республикасының, Ресей Федерациясының,  Қазақстан Республикасының студенттері қатысты. Олимпиада ағылшын, неміс, француз, қытай тілдері бойынша, сондай-ақ, шет тілі ретінде орыс  тілі бойынша өтті.

«Орыс тілі - шет тілі ретінде» секциясында біздің университеттің  үшінші курс студенттері - Кхан Мухаммад Асиф (3-005 тобы), Каранбир Сингх (3-008 тобы), Шарма Пунит (3-008 тобы) белсене қатысты. Орыс тілі кафедрасының оқытушысы А.М.Мудровская жетекші болды

Конкурс өткен екі күн ішінде қатысушылар тыңдау, оқу, жазу және сөйлеу жөнінде тапсырмаларды орындап, шет тілі ретінде орыс тілін жақсы меңгеру деңгейін көрсетті. Орындаған тапсырмаларының нәтижелері бойынша біздің студентіміз - Каранбир Сингх үшінші орынды иеленіп, үшінші дәрежелі дипломмен марапатталды.

Студенттерімізді жеңістерімен құттықтап, ғылыми жұмыстарына және  білім алу жолындағы еңбектеріне табыс тілейміз!

Орыс тілі кафедрасы


0
8679

пікірлер

пікір қалдыру үшін.