Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті»

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті»

18 Сәуір 2016

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық мәселесі бұқаралық сипатқа ие болып, қоғамдық өмірдің барлық салаларын қамтып отыр. Демек, жұртшылықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың, қоғам алдында өз құқықтары мен олардың құқықтары мен міндеттерін ұғынуының, жастардың адамгершілік және азаматтық тәрбиесінің ажырамас бөлігі болуы тиіс.

2016 жылдың 13 сәуірінде Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің жиын залында студенттердің Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қарағанды облысы бойынша Депратаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Д.Н. Смағұловпен және ҚММУ-ң оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры В.Б. Молотов-Лучанскимен кездесуі болып өтті.

Жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы ЖОО-ң студенттеріне оқу бағдарламасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» тақырыбы бойынша таныстырылымын ұсынды. Таныстырылым мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелерін түсіндіруде көмек көрсету. Кездесуде білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, сыбайлас жемқорлық,

сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет ұғымдары анықталды. Студенттер

Д.Н. Смағұловты сөз сөйлеу барысында үлкен қызығушылықпен тыңдап қана қоймай, сыбайлас жемқорлыққа, мемлекеттік қызмет көрсетудің ішкі тәртібіне, қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға қатысты қойылған сұрақтарға да жауап алу мүмкіндігіне ие болды. Жалпы алғанда, Д.Н. Смағұлов қызмет алушы бола тұрып, мемлекеттік қызмет алу барысында қандай мәселелерге назар аудару керек және қызметтің қалай сапалы көрсетілуі керектігі туралы айтты. 

Кездесу соңында Д.Н. Смағұлов сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша өзара әрекеттесуді және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қарағанды облысы бойынша Депратаменті әлеуметтік желілерде түрлі ақпарат алып, тіпті кеңес беретінін ескертіп өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – мемлекет және оның азаматтары үшін басым тапсырма. Біз, Қазақстан жастары, еліміздің өркендеуі үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуіміз керек.

А.М. Ахметова (ҚММУ заң бөлімінің заң кеңесшісі)


0
8983

пікірлер

пікір қалдыру үшін.