Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
КӘСІПТІК БАҒДАРЛАУ – БОЛАШАҚҚА КӨЗ ТІГУ

КӘСІПТІК БАҒДАРЛАУ – БОЛАШАҚҚА КӨЗ ТІГУ

13 Сәуір 2016

Кәсіби бағдар беру — жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы түрде таңдауға бағытталған іс-әрекет.  Осы жағынан Шағын ғылыми  академияҒА ҚР) пәнді терең оқуға бағытталған қосымша білім берудің тамаша үлгісі болып табылады. Бұл оқушылардың мамандыққа қызығушылығы мен өз зияткерлік мүмкіндігін анықтайды және жетекші білімі алу бағытында зерттеу дағдыларын қалыптастырады. Көптеген жылдар ішінде ШҒА-ның медициналық-биология секциясы түлектері медицина саласында жоғары санатты дәрігер маман, ғалым, ғылым кандидаты мен докторы атанды.

Қарағанды мемелекеттік медицина университеті ШҒА ашылғаннан бері бірлесіп, оқушылардың зерттеу жұмыстарына аса үлкен көңіл бөлуде. Осының айқын көрінісі6-7 сәуір 2016 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде медициналық-биология бағыты бойынша Қазақстан Республикасының Шағын ғылым академиясының 42-ші республикалық ғылыми-практикалық конференциясы және Қарағанды облысы оқушыларының 46-шы аймақтық ғылыми-практикалық конференциясының өтуі. Конференцияның салтанатты ашылуында ШҒА-ның президенті профессор С.П. Терехинмен ҚММУ ғылым жөніндегі проректор А.А. Тұрмұхамбетова сөз сөйлеп қатысушыларға жылы лебіз білдіріп, шығармашылық табыс тіледі. Конференцияға қатысушы жоғарғы сынып оқушылары өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын мемлекеттік және орыс тілдерінде химия, биология, экология және валеология секцияларында қорғады.

Оқушылармен ұсынылған жұмыстар мен баяндамалардың сапалы еңбектерді сарапшы-әділ қазылар мүшелері атап өткенін айта кету керек. Алайда, сайыстың бірінші кезеңінен 500 жуық жұмыстың жартысынан көбі қойылған талаптарға сай болмай келесі кезеңге өтпей қалды.  Үздік жұмыстарды 4 секция бойынша І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен марапаттады. Ал 10 - конференцияға қатысушы мен олардың жетекшілері,  ҚММУ ректоры Р.С. Досмағамбетованың мақтау қағаздары мен сыйлықтарына ие болды. Ғылыми-практикалық конференцияға қатысқан әрбір баяндамашы қатысушы сертификаты мен кәде сыйлар берілді. Көпшілік алдында үздік жобалар алған орындарына қарай дипломдармен марапатталып, республика сайысына ұсынылды және ғылыми жетекшілері де мақтау қағаздарымен марапатталды.

Байқау соңында ШҒА-ның президенті профессор С.П. Терехин ғылыми-практикалық конференцияға қатысқан оқушыларға жас бүлдіршін ғалымдарға шығармашылық табыс тіледі.


0
8861

пікірлер

пікір қалдыру үшін.