Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамы!!!

Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамы!!!

12 Сәуір 2016

«Әз болмай, мәз болмайды», деп білетін қазақ елінің әр қиырындағы 22 Наурыз күні жер-жерде ұлан-асыр той болды. Туған өлкеміз Қарағанды қаласында Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесін де тойлап өтті. Наурыз кезінде халықтың ерекше ықыласпен шабыттана, арқалана қарайтын айтыс, көкпар, бәйге сынды ұлттық өнер мен ойын салтанат құрып, жұртшылыққа тамаша көңіл-күй сыйлау дәстүрі қалыптасқан.  «Ғасырлар қойнауынан күні бүгінге дейін жетіп отырған көктемнің әсем мерекесі - Наурыз мейрамы табиғаттың қайта түлеуінің, жаңаруы мен жаңғыруының белгісі. Ол сондай-ақ қоғамдағы татулық пен бейбітшілікті нығайтады. Бұл - үкілеген үміттер мен асқаралы сезімдердің мерейлі мерекесі, бірлік мейрамы.  Облысымыздың әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков мерекеге жиналған көпшілік қауымға арналған құттықтау сөз айтты.

Қарағанды мемлекеттік медицина университетіміздің  Үздіксіз кәсіби дамыту факультеті мен Кәсіби одақтың ұйымдастыруымен 22-нөмірлі киіз үй мерекелік атмосферада жабдықталып, ұлттық тағамдарға толы дастархан жайылды.  

  Біздің дастарханымыз ежелден-ақ халқымыздың ұлан-асыр жеріндей кең. Таспен ұрғанды аспен ұратын қазақ үйіне келген жанның бірін де дәм ауыз тигізбей жібермеген.   Жайылған дастарханымызда қазақ халқының ұлттық тағамдары мен жеміс, тәттілер қойылды, соның ішінде ең басты тағам - Наурыз көже. Оны  жеті дәмнен жасап, оған қазы шұжық сияқты сыйлы ет мүшелерін қосып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады. Наурыз көженің дәстүрлік, мерекелік, ұлттық тағылымы өте зор. Қымыз – қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті дастарқан дәмінің бірі.  

 Көктемнің ең көрікті мейрамы Наурыз егеменді еліміздің ең ұлағатты да мәртебелі мейрамының бірі ретінде саналады.

Үздіксіз кәсіби дамыту факультеті 


0
7945

пікірлер

пікір қалдыру үшін.