Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қарағанды қаласы жастарының арасында салауатты тамақтану бағдарламасын іске асыру

Қарағанды қаласы жастарының арасында салауатты тамақтану бағдарламасын іске асыру

11 Сәуір 2016

Қазақстан Республикасының халқының тамақтануын оңтайландыру бойынша мемлекеттік нормативтік құжаттарда салауатты тамақтану мәдениетін қалыптастырудың жаңа жолдары көрінәіс тапқан. Салауатты тамақтану мәдениетін қалыптастыру білімі ең алғашқы кезеңдерден басталып және соңғы жас ерекшеліктерін ескере отырып білім алу кезеңінің бойында жалғасуы қажет екендігі сипатталған. Салауатты тамақтану мәдениетін қалыптастыру кезінде кешенді және жүйелі жұмыс маңызды, гигиена және тамақтану режимін бірте-бірте қалыптасу, пайдалы өнімдер және пайдалы азық-түлік туралы ұсыныс беру негіздері қарастырылады.

Халық денсаулығының  ең маңызды факторлардың бірі  тамақтану болып табылады. Дұрыс тамақтану қалыпты өсу және даму, аурудың алдын алу, адамдардың өмір жасын ұзарту, жұмыс қабілеттілігін арттыруға жағдайлар жасап, қоршаған ортаға бейімделуді қамтамасыз етеді.

Жастар денсаулығы кез-келген қоғамда, кез-келген экономикалық және саяси жағдайында өзекті мәселе болып табылады және бірінші кезектегі маңыздылығы мәнді, себебі, бұл фактор айтарлықтай дәрежеде елдің болашағын анықтайды, ұлттың гендік қоры болып табылады, сонымен қатар, басқа да демографиялық көрсеткіштері, маңызды көрсеткіштердің бірі болып табылады.

2015 жылы ҚР  ДС ӘДМ  "Халықтың салауатты тамақтану дағдыларын және тағам өнімдерінің қауіпсіздігін қалыптастыру» әлеуметтік-маңызды жобасын орындау үшін Қарағанды қ. Нутрициологтар мен диетологтардың қауымдастығы және Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің тамақтану гигиенасы кафедрасының тамақтану гигиенасы, жалпы гигиена және экология кафедрасының қызметкерлерімен  жоғары білікті жаттықтырушылар тобы құрылды, олардың ішіне: С. П. Терехин– профессор, тамақтану гигиенасы, жалпы гигиена және экология кафедрасының меңгерушісі; С. В. Ахметова– профессор, Д. Қ. Назар - медицина магистрі, кафедрасының аға оқытушысы және И. А. Бобрешова – сертификатталған дәрігер-диетолог.

Қарағанды қаласында 6-7 сынып оқушылары, студенттер, ЖОО және ООО және жастардың еңбек ұжымдары, кәсіпорындар мен мекемелер қызметкерлері аудиторияны толтырды.

Мамандар дұрыс тамақтану, семіздіктің алдын алу, қант диабетінің, онкологиялық аурулардың, теміртапшылық анемия және басқа да микронутриентных тапшылығы кезінде дұрыс тамақтану принциптері туралы дәріс оқыды.

Барлық семинар-тренингке қатысушылар өздерінің дұрыс тамақтану мәселесіне қызығушылық ептіліктерін атап көрсетіп, өзектілігін көрсетіп отыр. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің көрермендері лектор – профессор С. П. Терехиннің дұрыс тамақтану туралы білімдері ерекше қызығушылық туғызды. Кездесу еркін, бірақ өте белсенді жағдайда өтті.

Жобаны орындау кезінде алынған тәжірибе халықтың салауатты тамақтануын куәландырады, бұл жоба өте өзекті, халықтың сұранысына ие болғандықтан көп жылға ұзартылуын  талап етеді.

ҚММУтамақтану гигиенасы, жалпы гигиена және экология кафедрасының профессоры  С. В. Ахметова 


0
8108

пікірлер

пікір қалдыру үшін.