Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қарағанды мемлекеттік медицина университетіндегі "Бос орындар жәрмеңкесі 2016"

Қарағанды мемлекеттік медицина университетіндегі "Бос орындар жәрмеңкесі 2016"

08 Сәуір 2016

Ынтымақтастықтың ең тиімді қарым-қатынас түрлерінежыл сайын бос орындар жәрмеңкесін жұмыс берушілермен өткізу болып табылады. Бос орындар жәрмеңкесі жас мамандар үшін де, жұмыс берушілер үшін де, тікелей көзденқызықтыратын ақпарат алуға, ақыл-кеңес алуға, жұмысқа орналастыру шартын жасауғамүмкіндігін ұсынады.

Университетте «2016 ж ҚР медициналық жоғары оқу орындарының  түлектерін орналастыру және бөлу ҚР ДСӘДМ жол картасын» жүзеге асыру аясында  2016 ж. 25 наурызында "Бос орындар жәрмеңкесі" өтті, осыған байланысты Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарынан,  Денсаулық сақтау басқармасының (Жамбыл, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары), Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттерінен, Ұлттық сараптама орталықтарынан (Ақмола, Қарағанды облыстары, Астана қаласы) 177 ұйымдары, олардың ішінде Қарағанды қ., қ. Сәтбаев, Шахтинск қаласы, Ақтоғай, Қарқаралы, Ұлытау, Шет аудандарының әкімдігінен сонымен қатар бітіруші курстарының "Фармация", "Медициналық-профилактикалық іс", "Мейірбике ісі", "Қоғамдық денсаулық сақтау" мамандықтары бойынша білім алушыларының, резидентураның бітірушілерінің және  "Жалпы медицина", "Стоматология" мамандықтары бойынша 5-курс білім алушыларының 196 өкілі қатысты.

"Бос орындар Жәрмеңкесінің" негізгі мақсаты бакалавриат, ағымдағы жалдағы резиденттер түлектерімен және "Жалпы медицина", "Стоматология" мамандықтары бойынша және хирургия, терапия, жалпы дәрігерлік дайындау, акушерлік және гинекология, педиатрия, стоматология бағыттары бойынша интернатурада мақсатты дайындауда келісім-шарттар жасау сонымен қатар оларды кейіннен жұмысқа орналастыру болып табылады.

 Жәрмеңкеде ҚММУ клиникалық жұмыс және үздіксіз кәсіби дамыту бойынша проректор Б.Н. Көшерова Құттықтау сөзін айтты және  клиникалық жұмыс және түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімінің басшысы Б. К. Омарқұлов университет туралы, 2016 ж түлектерінің контингенті,  бакалавриат түлектерінің кәсіби қызметі туралы ақпараттарымен сөз сөйледі.

 Әрі қарай жәрмеңкені жұмыс берушілер мен әкімдік өкілдері сөз сөйлеп жалғастырды, олардан қалаларда және ауылдық жерлерде жұмыс істеуге жоспарлаған түлектерге көптеген ұсыныстар айтылды. Жұмыс берушілер түлектерге берілетін әлеуметтік бумамен таныстырып, пәтерді немесе бөлмені жалға алу арқылы тұрғын-үй мәселесін шешуге көмектерін ұсынды, сондай-ақ ерлі-зайыптыларды да жұмысқа орналастыруға көмек көрсететінін айтты.

 Осылайша Павлодар облысы денсаулық сақтау Басқармасының қызметкерлері және ұйымдастыру жұмысы басқармасының басшысы  Г. О. Елтаева қатысушыларды медициналық ұйымдарда бос орындар бар екендігін, Павлодар облысында жас мамандарды әлеуметтік қолдайтынын атап өтті, ал аулдық жерде жұмысқа орналасатын жас мамандар үшін республикалық бюджет қаражаты тарапынан 70 АЕК  көтерме ақы, 0,001% жылдық сыйақы ставкасында тұрғын-үй алуға несие, жалға алу, ведомстволық үй берілетіні туралы айтты.

Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары А. С. Сайды жұмысқа Ақтоғай ауданына жұмысқа орналасу кезінде  тұрғын-үй (жаңа үй немесе 0,001 пайыздық тұрғын үй несиесі дейінгі мөлшерінде 3 200 000 тг.); көтерме ақы (мемлекеттік 70 АЕК  көлемінде, ауданнан 200 000 тг.); соғым (алғашқы жылда қыс айында етпен қамтамсыз ету); ҚР және шет елде біліктілікті арттыруды төлеу, резидентурада оқу кезінде резидентура оқуын төлеу мүмкіндігі туралы жағдайлардың ұсынылатынын атап өтті.

Жезқазған, Көкшетау, Қостанай қалаларының медициналық колледж өкілдері білім беру ұйымдарында жұмыс істеу үшін бакалавриат түлектерін шақырды.

Жас мамандарды өз аймақтарына тарту үшін медициналық ұймдардың көптеген басшылары әлеуметтік пакетті беруге, интернатурада, резидентурада білім алу кезінде ақысын төлеу сұрақтарын қарастыруға, тұрғын-үй мәселесін шешуге көмектесуіне, ерлі-зайыптарды жұмысқа орналастыруға және жас дәрігерлердің  балаларын мектепке дейінгі балалар мекемелеріне орналастыруға көп көңіл бөледі.

Қорытындысы бойынша "Бос орындар жәрмеңкесі" жасалған үш жақты шарттың бакалаврлариат шығару  "Фармация", "Медициналық-профилактикалық іс", "Мейірбике ісі", "Қоғамдық денсаулық сақтау" мамандықтары бойынша және жоспарланған шығару 2017, 2018 жылғы "Жалпы медицина", "Стоматология" және т. б мамандықтары бойынша түлектерді алған мамандығына сәйкес жұмысқа орналастыру Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің басты міндеттерінің бірі.

Іс-шараның  қонақтарына Қарағанды мемлекеттік медицина университеті туралы бейнеролик көрсетілді. БАҚ өкілдері шақырылды.

Клиникалық жұмыс және түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімі


0
9446

пікірлер

пікір қалдыру үшін.