Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Айжанның қола жүлдесі

Айжанның қола жүлдесі

07 Сәуір 2016

  24-27 наурызда Шымкент қаласында қол күресі бойынша  Қазақстан Республикасының Чемпионаты болып өтті. Жарысқа республикамыздың үздік спортшыларынан 227 спортшылар 9 облыстан 15 команда атынан қатысты.

  Чемпионат «Қол күресінің Қазақстан Қауымдастығы» және Қазақстан Республикасының Спорт және мәдениет министрлігінің  денешынықтыру және спорт істері жөніндегі Комитеті Оңтүстік-Қазақстан әкімдігінің қолдауымен өткізді.

  Чемпионаттың үздік спортшылары арасында қол күресі бойынша Қазақстан ұлттық құрама командасына қабылданады.

  Қарағанды облысынан турниге ҚММУ студенті Тлеуханова Айжан (2-049 ЖМ) қатысты. Жасының кішілігіне қарамастан Айжан турнирлік тәжірибесі мол спортшы: спорт шеберігіне кандидат, дзю-до күресі бойынша қоңыр белбеу иегері, көптеген Республикалық турнирлердің жеңімпазы, оқуда үздік, белсенді және Спортшы! Қатал жарыста турнирдің үздік спортшылары арасынан 50 килограммға дейін салмақта Айжан үшінші орынға тұрақтады және 2016 жылғы қол күресі бойынша чемпионаттың қола жүлдегері атанды. Тлеуханова Айжан ҚММУ спорт клубына және ҚММУ ректорын, профессор Р.С. Досмағамбетоваға турнирдің дайындығына көмек көрсеткені үшін алғысын білдіреді!

  ҚММУ  Спорт клубы


0
7783

пікірлер

пікір қалдыру үшін.